Arun Sankar/Stringer

Демонетизация ережелері

КЕМБРИДЖ – 8 қараша күні кешкі сағат 20:15-те, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди басқарған үкімет дәл түн ортасы кезінде, қолданыстағы барлық 500 және 1000 рупий банкноттары айналымнан алып тасталынып және жаңа 500 және 2000 рупий банкноталарына айырбасталуы қажет деп хабарлады.  Модидің «демонетизация»  бойынша шешімі Үндістанда айналыстағы ақшаның 85% -на әсер етті. Үндістанда немесе дерлік дүниежүзінде бұл теңдессіз қадам болды, және ол бүгінгі күнге дейін Модидің ең батыл саяси шешімі болып табылады.

Моди үкіметі олардың шешімі салық төлеуден жалтару, сыбайлас жемқорлық, жалған ақша жасауға байланысты «қара ақшамен» және, осылайша, есірткі, контрабандалық қызметпен айналысатындар мен террористермен күресуге бағытталған. Үндістанның салық төлейтін, жалдамалы жұмысшылар табы және тіпті кедейлер бастапқыда шынайы ынтамен бұл саясатты құптады, себебі олар мұны арам жолмен пайда жиып, салықтан жалтарғандардан тәтті кек алу ретінде көрді; олар қуанып тұрып, қолма-қол ақша сөмкелерін өртеген немесе Үндістанның өзендеріне ақша лақтырған жемқор шенеуніктер туралы әңгімелерді таратты.

Бірақ күн өткен сайын, бұл бастапқы қуаныш та азайды. Үкімет жаңа банкноталарға сұранысты қанағаттандыра алмады, сондықтан қоғам наразылығы қазірде өсіп жатыр. Үндістанда сауда (қолма-қол ақша ЖІӨ-нің 10%-ын құрайды) - кассалық операцияларға қатты тәуелді, бейресми экономика және шағын бизнес операциялары енді  банктердегі үлкен кезектер, мардымсыз қолма-қол ақша алу лимиттері мен банкоматтардағы ақша тапшылығының арқасында тоқтап қалды.

Жақын мерзімдегі әсер экономиканы «анти-ынталандыру» саясатының салдарындай болады, және бұдан кейінгі сұраныстың тежелуі елеулі болмақ. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бағасы төмендеген сайын, тұрмыстық ауқаттық деңгей де төмендейді. Төмен тұрғын үй бағасы жаңа үйлерді алуды қолжетімді ете түседі, дегенмен, қолданыстағы үйлердің саны жаңа сатып алғандардан асып түсіп, пайдадан гөрі молшылық жағдайына теріс әсері көбірек болады.

Осы үлкен шығындарға қарасақ, демонетизация салық төлеуден жалтару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қаншалықты тиімді, және демонетизацияның ең шығыны аз жүзеге асыру жолы бар ма деген сұрақтар туындайды.

1976 жылы «Mафияна азаптау жолдары» атты мақаласында американдық экономист Джеймс Генри бұл тиімділікке қатысты мәселелерді зерттеп, демонетизацияны мафия операцияларымен қарсы күресте тиімді шара ретінде көрсетті. Бірақ саясаткерлер оның ұсынысын маңызды деп санамады. Генридің ұсынысы, ол өзі айтқандай, «әкімшілік тұрғыдан орынсыз немесе қылмыстық мінез-құлыққа ешқандай ұзақ мерзімді әсер етпейтін бір жолғы шара ретінде ретінде саналып, қабылданбады».

The World’s Opinion Page

Help support Project Syndicate’s mission

subscribe now

Өзінің Қолма-қол ақша қарғысыаттыжаңа кітабындаКеннет Рогофф салықты төлеуден жалтару және қылмыстық әрекетпен күресу мақсатында жоғары атаулы банкноталарды жоюды қолдайды. Рогофф қолма-қол ақша жинаудың шығындарын жоғарлату арқылы заңсыз іс-әрекеттерді тежеуге болатынына ауқымды дәлелдемелерді көрсетіп өтті. Салықтан жалтарушылар өз байлықтарын жер, өнер, және зергерлік бұйымдар сияқты ақшалай емес түрде сақтағанымен, қолма-қол ақша, оның өзіне тән өтімділігінің арқасында, арам жолмен тапқан пайда операциялары үшін жетекші құрал болып қалады. Басқаша айтқанда, арам, қара ақша массаларын құрудағы қолма-қол ақшаның рөлі туралы Модидің сынаған сыншылардың шағымдары орынсыз.

Сонымен қатар, Рогофф «қара ақша» мәселесін шешу үшін басқа стратегияны ұсынады. Оның зияны аз және ұзақ мерзімде тіпті тиімдірек де болар еді.  Бұл стратегияның Модидікінен екі өзекті өзгешілігі бар. Біріншіден, ол бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып, біртіндеп болар еді. Екіншіден, ол жоғары номиналды банкноттарды мүлдеп жояр еді.

Осы біртіндеп жасалатын стратегия өздерінің жинап алған арам қолма-қол ақшаларын қайта өңдеуден өткізудің түрлі жолдарын таба алатындарды жазалай алмаса да, ірі номиналды банкноталарды айналымнан  мүлде алу арқасында, салық  режимін сақтауды жақсартып және уақыт өте жемқорлықты да азайта алады. Үндістанның қазіргі кезде орын алып жатқан, 1000 рупий банкноталарын 2000 рупиялықтарымен ауыстыру саясаты бұл тәсілдің ұзақ мерзімдегі тиімділігін түсіреді.

Сонымен қатар, кезең-кезеңді тәсіл әкімшіліктендіру жағынан тиімді болып табылады, нақты экономикаға түсетін жанама зиянды азайтады және Үндістанның барлық шеттеріне қаржылық қызмет және қаржылық сауаттылықтың жетуіне жеткілікті уақыттың болуын қамтамасыз етеді. Соңғы екі жыл ішінде, Mоди басқарған үкімет, 220 млн жаңа банк шоттарының ашуылуына ықпал еткен, Jan Dhan мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруда үлкен әсерлі қадам жасады. Бірақ шоттарды тіркеген адамдардың көбі оларды пайдалана бермейді. 2015 жылы Дүниежүзілік банктің түрлі аймақтардағы банк шотын пайдалану және «ұйқыдағы клиенттерді» зерттеу барысында үнді ересектерінің 15%-ы ғана төлемдерді жіберу немесе қабылдау үшін тіркелген шоттарын пайдаланатынын табылды. Мұндай жағдайда, қолма-қол ақша тапшылығы экономиканы әлсіретеді.

Модидің саясаты батыл және оның артындағы экономикалық принциптер де түсінікті. Бірақ ірі банкноталарды біртіндеп, мүлдем шығару жолы қазіргі саясаттай «шок және шошынуды» тудырмаса да, аса нәтижелі болар еді. Бұл келесі бірнеше айдың ішінде экономикада үлкен шығындар пайда болған сайын неғұрлым айқын бола бастайды.

http://prosyn.org/5Whc0Te/kk;

Handpicked to read next

  1. Television sets showing a news report on Xi Jinping's speech Anthony Wallace/Getty Images

    Empowering China’s New Miracle Workers

    China’s success in the next five years will depend largely on how well the government manages the tensions underlying its complex agenda. In particular, China’s leaders will need to balance a muscular Communist Party, setting standards and protecting the public interest, with an empowered market, driving the economy into the future.

  2. United States Supreme Court Hisham Ibrahim/Getty Images

    The Sovereignty that Really Matters

    The preference of some countries to isolate themselves within their borders is anachronistic and self-defeating, but it would be a serious mistake for others, fearing contagion, to respond by imposing strict isolation. Even in states that have succumbed to reductionist discourses, much of the population has not.

  3.  The price of Euro and US dollars Daniel Leal Olivas/Getty Images

    Resurrecting Creditor Adjustment

    When the Bretton Woods Agreement was hashed out in 1944, it was agreed that countries with current-account deficits should be able to limit temporarily purchases of goods from countries running surpluses. In the ensuing 73 years, the so-called "scarce-currency clause" has been largely forgotten; but it may be time to bring it back.

  4. Leaders of the Russian Revolution in Red Square Keystone France/Getty Images

    Trump’s Republican Collaborators

    Republican leaders have a choice: they can either continue to collaborate with President Donald Trump, thereby courting disaster, or they can renounce him, finally putting their country’s democracy ahead of loyalty to their party tribe. They are hardly the first politicians to face such a decision.

  5. Angela Merkel, Theresa May and Emmanuel Macron John Thys/Getty Images

    How Money Could Unblock the Brexit Talks

    With talks on the UK's withdrawal from the EU stalled, negotiators should shift to the temporary “transition” Prime Minister Theresa May officially requested last month. Above all, the negotiators should focus immediately on the British budget contributions that will be required to make an orderly transition possible.

  6. Ksenia Sobchak Mladlen Antonov/Getty Images

    Is Vladimir Putin Losing His Grip?

    In recent decades, as President Vladimir Putin has entrenched his authority, Russia has seemed to be moving backward socially and economically. But while the Kremlin knows that it must reverse this trajectory, genuine reform would be incompatible with the kleptocratic character of Putin’s regime.

  7. Right-wing parties hold conference Thomas Lohnes/Getty Images

    Rage Against the Elites

    • With the advantage of hindsight, four recent books bring to bear diverse perspectives on the West’s current populist moment. 
    • Taken together, they help us to understand what that moment is and how it arrived, while reminding us that history is contingent, not inevitable


    Global Bookmark

    Distinguished thinkers review the world’s most important new books on politics, economics, and international affairs.

  8. Treasury Secretary Steven Mnuchin Bill Clark/Getty Images

    Don’t Bank on Bankruptcy for Banks

    As a part of their efforts to roll back the 2010 Dodd-Frank Act, congressional Republicans have approved a measure that would have courts, rather than regulators, oversee megabank bankruptcies. It is now up to the Trump administration to decide if it wants to set the stage for a repeat of the Lehman Brothers collapse in 2008.