Zach Gibson/Getty Images

“Трамптық” тапшылық

КЕМБРИДЖ – Қаржы дағдарысынан соң қалыптасқан миф бойынша, қатаң үнемдеуді қолдайтын консервативті үкіметтер әрқашан фискалдық сақтықты қолдап, ал қайта бөлуге бағдарланған озық ойлар ірі тапшылықтарды әлемдегі ең ірі тегін түскі ас сияқты көреді. Бұл оңайлатылған түсіндірмеде, бәлкім шындық та бар шығар, алайда тапшылықтың шынайы негізгі саяси экономикасы назардан қатты тыс қалып тұр.

Егер үкімет бір партияның  қатты бақылауында болса, сол партия кейін міндетті қарызын төлеуден құтыла алатынын біле отырып, оның басымдықтарын қаржыландыруға қарыз алу ол үшін өте тартымды болары факт. Сондықтан АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп әкімшілігі консервативті  болмаса да салықтар мен шығындану басымдықтарын қаржыландыруға бюджет тапшылығын агрессивті пайдаланатынын күте аламыз.

Демократиялық үкіметтегі бюджет тапшылығы туралы түсіндірменің ең дәл негізін екі швед, Торстен Перссон және Ларс Свенссонмен бірдей мезгілде, итальян ғалымдары Альберто Алесина және Гвидо Табеллини 1980 жылдардың соңында ұсынған. Олардың көзқарастары  сәл өзгеше болғанымен, негізгі идеясы бірдей: Сіз мүмкіндігіңіз бар болғанша, достарыңызға ақша бере аласыз. Кейінірек қарсы жақ өз кезегінде билікте болғанда,  аз ақша айналымда болса, бұл өте жаман жағдай.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/Ibf6hBQ/kk;