ЛОНДОН – Өткен айда Еуропа парламенті сайлауы біз күткендегіден әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті, ең басты себеп – үнсіз жүрген еуропашыл көпшілік үн қатты. Олар Еуропа одағын құруға негіз болған құндылықтарды сақтауды қалайтындарын, бірақ Еуроодақтың жұмысына түбегейлі реформа керектігін айтты. Олар алаңдайтын басты мәселе – климаттың өзгеруі.
Бұл еуропашыл партияларға, соның ішінде жасылдарға ерекше ұнайды. Конструктивті ештеңе жасай алмайды деп саналған антиеуропалық партиялар күткен нәтижеге жете алмады. Олар ықпалдырақ болуға мүмкіндік беретіндей біріккен майдан да құра алмайды.
Өзгерісті қажет ететін институттардың бірі – Spitzenkandidat жүйесі. Ол Еуроодақ басшылығын жанама түрде таңдауға мүмкіндік береді. Франклин Дехусс EU Observer басылымында шыққан керемет, бірақ пессимистік мақаласында түсіндіргеніндей, “бұл – демократиялық таңдаудан да нашар жүйе”. Әр мүше мемлекеттің шынайы саяси партиялары бар, бірақ олардың транс-еуропалық комбинациялары жасанды іспен айналысады, олардың басты мақсаты – өз басшыларының жеке мүдделеріне қызмет ету.