A student shows a combo pictures of three dictators, Austrian born Hitler, Castro and Stalin with Viktor Orban Attila Kisbenedek/Getty Images

Венгрия үкіметінің іске аспаған өтірігі

НЬЮ-ЙОРК – Қазан айында Венгрия үкіметі елдегі 4 миллион түтіннің барлығына менің Еуропаны, соның ішінде Венгрияны мұсылман мигранттар мен босқындар нөпірінің астында қалдыру «жоспарыма» қатысты жеті тұжырым жөнінде пікірлерін сұрап сауалнама таратқан. Үкімет «Сорос жоспары» деген жоспарға байланысты жеті тұжырым жасапты. Өзімнің осыған дейін жарияланған мәлімдемелеріме сүйеніп, әрі кейбір тұжырымдардың менің пікірлеріме негізделмегенін дәлелдеу арқылы бұлардың әрқайсысына қарсы уәж келтіргенмін.

Енді үкімет менікі деген қиялдағы жоспарға қатысты «ұлттық ақылдасудың» ықтимал нәтижелерін жариялап, бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткендерін айтып жатыр. Сауалнамаға 9,8 миллион халықтан 2 301 463 адам қатысты деген сан тым асыра көрсетілді ме, жоқ па, мұны венгер қоғамының таразысына қалдырайын. Қатысты деген адамдардың тізімін тексеріп, олардың шынымен қатысқанына көз жеткізуге болады. Ал мен бұл науқанның мазмұнына тоқталайын.

«Ұлттық ақылдасу» және оның нәтижелерін жариялау - жұрттың назарын жемқорлыққа белшеден батқан үкіметтің венгерлердің әсіресе білім және денсаулық салаларындағы заңды талаптарын орындай алмағанынан басқа жаққа аударту үшін венгер салық төлеушілерінің есебінен насихатын жүргізуге бағытталған үлкен науқанның соңғы элементтерінің бірі. Бұл науқан былтыр жазда қоғамдық орындарға менің мысқылдай күліп тұрған портреттерімді жаппай іліп, қасына «Соростың күлуіне жол бермейік!» деген ұран жазудан басталды.

To continue reading, please log in or enter your email address.

To access our archive, please log in or register now and read two articles from our archive every month for free. For unlimited access to our archive, as well as to the unrivaled analysis of PS On Point, subscribe now.

required

By proceeding, you agree to our Terms of Service and Privacy Policy, which describes the personal data we collect and how we use it.

Log in

http://prosyn.org/k8ilPrq/kk;

Handpicked to read next

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.