Russia's economic future Alexander Nemenov/Getty Images

Экономикасы әлсіз Ресеймен қол алысу

КЕМБРИДЖ – Ресей президенті Владимир Путин осы аптада Гамбургте өтетін G20 саммитінде өзінің американдық әріптесі Дональд Трамппен экономикалық күштірек тұрғыдан кездеспейді. Үш жыл бұрын басталған мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, Ресейдің аса қатты қаржы дағдарысынан аман қалғаны рас. Екі жылғы терең рецессиядан кейін экономиканың қарапайым қарқынмен дамып келе жатса да, болашақ енді оның басшылығы бес жыл бұрын ойлағандай жарқын еместей көрінеді. Елеулі экономикалық және саяси реформалардың орын алмауы Путиннің Ресейге байланысты стратегиялық амбицияларын жүзеге асыруын қиындатып жатыр.

2012 жылы Путин Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Пол Кругманмен Мәскеуде банктер конференциясында бір сахнаға шыққанда, 1998 жылғы Ресейдің экономикалық дағдарысы ескі бір елестей болған. Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары болып, үкімет қазынасы лық толып жатқан. Сондықтан Путин Батыста экономикалық құлдырау салдарынан орын алған үлкен бюджет тапшылығын Ресейдің мемлекеттік бюджетінің профицитімен мақтанышпен салыстырды. Ол ресейлік тыңдаушылар алдында Кругманның Батыс демократиялық елдерінің жаһандық қаржы дағдарысын шешудегі сәтсіздіктері туралы тамсана тыңдаған.

Сол конференцияның басқа сессиясында ресейлік экономист Сергей Гуриев (кейінірек ол елден қашуға мәжбүр болған), сот сияқты институттар әлсіз бола тұра Ресей ресурстық экономикасын әртараптандыруға ешбір үміт жоқтығын айтып өткен. Тым көп маңызды шешімдер бір адамға байланған. Сол сессияда сөйлеген сөзімде, мен, іргелі реформаларсыз, жаһандық энергетика бағаларының күрт төмендеуі күрделі проблемаларды тудыратынын атап өткенмін.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

http://prosyn.org/aKXWwwH/kk;

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.