Martin Luther's translation Sean Gallup/Getty Images

Мартин Лютердің технологиялық төңкерісінен сабақ алсақ

ЖЕНЕВА – Бұдан бес жүз жыл бұрын дәл осы күндері көпшілікке беймәлім дін қызметкері әрі университеттегі теология оқытушысы өз заманында елеусіздеу көрінген бір әрекетке барады. Ол католик шіркеуінің «индульгенцияны сату» дәстүріне байланысты академиялық пікірталас бастауды талап еткен петициясын есікке жабыстырып кетеді. Индульгенцияны «сатып алғандарға» не олардың туыстарына шіркеу басшылығы өлген соң мәйітті жууға азырақ уақыт жұмсауға уәде берген. 

Бұл күндері Мартин Лютердің Германияның Виттенберг қаласындағы «Қамал шіркеуінің» есігіне жапсырылған, екінші данасы бастығы – кардинал Альбрехт вон Бранденбургқа жіберілген «95 тезисі» протестанттық реформаны бастауға негіз болған тарихи оқиға саналады. Бір жылдың ішінде Мартин Лютер Еуропадағы ең әйгілі адамдардың біріне айналды. Ал оның шіркеудің тәжірибесі мен Рим папасының билігін сынап қана қоймай, адамның Құдайға көзқарасына жаңаша үңілуді сұраған идеялары билік және бірегейлік жүйесін түбірімен өзгертуге түрткі болды. Және бұл өзгерістердің салқыны әлі күнге сезіледі.

Лютердің ісін тарихи оқиғаға айналдырған не нәрсе? Шіркеуді реформалау туралы ұсыныстар ғасырлар бойы тұрақты түрде айтылып жүрді емес пе? Тарихшы Диармейд Маккулох «Христиандық тарихы: алғашқы үш мың жылдық» кітабында айтқанындай, Лютерге дейін екі ғасыр бойы Рим папасының философия, теология және саясат салаларындағы үстемдігіне қарсы наразылықтар тұрақты түрде айтылып келді. Саксониялық елеусіз діндардың пікірлері қалайша ауқымды діни және саяси тербелістерге түрткі болды?

https://prosyn.org/FER7VjBkk