Martin Luther's translation Sean Gallup/Getty Images

Мартин Лютердің технологиялық төңкерісінен сабақ алсақ

ЖЕНЕВА – Бұдан бес жүз жыл бұрын дәл осы күндері көпшілікке беймәлім дін қызметкері әрі университеттегі теология оқытушысы өз заманында елеусіздеу көрінген бір әрекетке барады. Ол католик шіркеуінің «индульгенцияны сату» дәстүріне байланысты академиялық пікірталас бастауды талап еткен петициясын есікке жабыстырып кетеді. Индульгенцияны «сатып алғандарға» не олардың туыстарына шіркеу басшылығы өлген соң мәйітті жууға азырақ уақыт жұмсауға уәде берген. 

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Бұл күндері Мартин Лютердің Германияның Виттенберг қаласындағы «Қамал шіркеуінің» есігіне жапсырылған, екінші данасы бастығы – кардинал Альбрехт вон Бранденбургқа жіберілген «95 тезисі» протестанттық реформаны бастауға негіз болған тарихи оқиға саналады. Бір жылдың ішінде Мартин Лютер Еуропадағы ең әйгілі адамдардың біріне айналды. Ал оның шіркеудің тәжірибесі мен Рим папасының билігін сынап қана қоймай, адамның Құдайға көзқарасына жаңаша үңілуді сұраған идеялары билік және бірегейлік жүйесін түбірімен өзгертуге түрткі болды. Және бұл өзгерістердің салқыны әлі күнге сезіледі.

Лютердің ісін тарихи оқиғаға айналдырған не нәрсе? Шіркеуді реформалау туралы ұсыныстар ғасырлар бойы тұрақты түрде айтылып жүрді емес пе? Тарихшы Диармейд Маккулох «Христиандық тарихы: алғашқы үш мың жылдық» кітабында айтқанындай, Лютерге дейін екі ғасыр бойы Рим папасының философия, теология және саясат салаларындағы үстемдігіне қарсы наразылықтар тұрақты түрде айтылып келді. Саксониялық елеусіз діндардың пікірлері қалайша ауқымды діни және саяси тербелістерге түрткі болды?

Мұнда жаңа дамып келе жатқан технология шешуші рөл ойнады. Лютер пікірін жариялардан ондаған жыл бұрын ғана неміс ұстасы Иоганн Гутенберг жылжымалы баспа станогын жасап шығарды. Бұл жазба материаларын бейнеті көп әрі ғұмыры қысқа ағаш бітікпен салыстырғанда аз шығынмен, жылдам таратуға мүмкіндік берді.  

Баспа станогының жасалуы революциялық жаңалық болды, әрі ол идеяларды таратуға өлшеусіз үлес қосты. 1455 жылы күніне 200 беттік жылдамдықпен «Гутенберг Библиясы» басылып шықты. Ал бұрындары ең тәжірибелі деген бітікшінің өзі күніне көп дегенде 30 бет жаза алатын. Лютердің кезінде бір станок күніне 1500 бетке дейін басып шығара алатын болған. Халықтың тек 6 пайызы ғана хат танығанына қарамастан, баспаның жылдам жұмыс істеуі, шығындарының азаюы 1450-1500 жылдар аралығында бұқараның баспа өнімдеріне қолжетімділігін күрт арттырды.

Лютер баспа станогының бұл мүмкіндігін өз идеяларын тарату үшін оңтайлы пайдаланды. Ол қалың бұқара тілі – неміс тілінде қысқа әрі нақты жазудың жаңа формасын ойлап тапты. Бәлкім, оның ең үлкен жетістігі – Библияны грек және иврит тілдерінен немісшеге аударуы болса керек. «Базардағы саудагерлер тілінде сөйлеуге» ден қойған ол бірнеше жылдың ішінде Виттенбергте «Лютер Библиясының» 100 мың данасын басып шығарды. Мұның алдында шіркеу латын тіліндегі «Гутенберг Библиясының» 180 данасын шығарған еді.

Жаңа технологияны қысқа да нұсқа брошюраларды қалың бұқара тілінде шығару мақсатына пайдалану әдісі бүкіл индустрияны түбірімен өзгертті. Лютердің тезистері шыққанға дейін Виттенбергтегі баспалар жылына орта есеппен 8 кітаптан басып отырған. Әрі олардың барлығы жергілікті университеттерге арнап латын тілінде жарық көрген. Ал, британ тарихшысы Эндрю Питтигридің есебі бойынша, 1517 жылдан бастап Лютер қайтыс болатын 1547 жылға дейін жергілікті баспагерлер кемінде 2721 еңбекті басып шығарған. Жылына орта есеппен 91 кітап басылған, ал таратылған кітаптардың ұзын саны 3 миллион данаға жеткен.

Питтигридің айтуынша, осы аралықта жарық көрген кітаптардың үштен бірін Лютердің өзі жазған әрі ол қайтыс болған соң да кітап басу қарқыны бәсеңдемеген. Лютер 25 жыл бойы әр екі апта сайын жазған дүниелерін басып таратып отырған.

Баспа станогы дін төңірегіндегі қарама-қайшы пікірлерді қалың бұқараға таратты. Мартин Лютер мұны жылдамдатып, шіркеуге наразы жұртты жұмылдырды. Экономика тарихшысы Джаред Рубиннің зерттеулеріне қарағанда, қалада 1500 жылға дейін баспа станогының болуы 1530 жылғы қарай бұл қаланың протестанттық қалаға айналу ықтималдығын едәуір арттырған. Басқаша айтсақ, адамдар баспа станогына қаншалық жақын тұрған сайын олар соншалық шіркеумен және Құдаймен арадағы қарым-қатынасты өзгертуге бейім болған. Ал шіркеу – сол замандағы ең ықпалды институт болатын.

Бұл технологиялық төңкерістен біз екі сабақ аламыз. Біріншіден, Дүниежүзілік экономикалық форумда Клаус Шваб айтқандай, біздің заманымыздағы «Төртінші индустриялық революция» физикалық, сандық және биологиялық салалардың қосындысынан тұрады. Осыдан-ақ біз келесі баспа станогының не болатынын болжай аламыз. Трент кеңесі 1546 жылы Библияның шіркеудің мақұлдауымен ресми түрде латын тілінде басылатын нұсқаларынан басқа көшірмелерін басып, таратуға тыйым салған. Қазіргі қалыпта қалуды қалайтындар да осылай қарсылық көрсетуі мүмкін.

Дегенмен, Лютердің әрекетінен алатын ең басты сабақ – оның ғылыми пікірталасқа шақырған үндеуіне ешкім құлақ аспады. Шіркеудің билігі туралы қоғамдық пікірталас ұйымдастырудың орнына протестанттық реформация бүкіл халықты қамтыған аяусыз соғысқа айналып кетті, бұл тек діни институттың ішіне ғана емес, бүкіл аймаққа жік түсірді. Ең жаманы – ол ғасырларға созылған айуандықты ақтауға негіз болды және Еуропа тарихындағы ең қанды діни конфликт – Отыз жылдық соғыстың басталуына түрткі болды.

Бүгінгі басты мәселе – «жаңа технология конструктивті пікірсайысқа қалай жол ашады?» деген сұрақ. Әлемде біздің болмысымыз бен қастерлі институттарымызға қатер төндіретін сандырақ ойлар өте көп. Ең бастысы – оларға күшпен тұншықтырып тастайтын идеялар түрінде қарамау керек, керісінше оларды қазіргі институттардың адамдарды кері теуіп, бұқараға қалағанын бере алмай отырған тұстарына көз жеткізу үшін пайдалануымыз керек.

Конструктивті әрекеттестікке шақыру жеңіл, қарабайыр, тіпті моральдық тұрғыда тұрақсыз болып көрінуі мүмкін. Ал мұның баламасы - одан әрі бөлшектену, қоғамдарды бір-бірінен алшақтату және қазіргі технология одан сайын ушықтырып жатқан адами қасиеттерден айыру үрдісі.

Төртінші индустриялық революция біздің технологиямен арадағы қарым-қатынасымызды дұрыс жолға қойып, адам табиғатының ең жақсы жақтарын дамытуға мүмкіндік беру болуы керек. Бұл үшін Лютер заманындағыдай технологияны басқаруға емес, болмыс, билік және технология арасындағы әрекеттестікті терең түсінуге тырысу қажет.

http://prosyn.org/FER7VjB/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now