86

Трамптың Сотқар Америкасы

НЬЮ-ЙОРК – Дональд Трамп екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдары мұқият салынған жаһандық экономикалық сәулет құрылымна қол гранатасын лақтырып жіберді. Енді міне АҚШ-тың 2015 климат жөніндегі Париж келісімінен шығуы жаһандық басқарудың осы ережелерге негізделген жүйесін жою әрекетінің көрінісі, және АҚШ президентінің біздің негізгі құндылықтар мен мекемелер жүйесіне жасалған шабуылдың тек соңғы аспектісі болып табылады.

Әлем ақырындап Трамп әкімшілігінің күн тәртібіндегі жағымсыз шарттарға толық үйреніп келе жатыр. Ол мен оның жақтастары Американдықтардың бостандығы, құқықтары және демократияны сақтау үшін өмірлік маңызы бар мекеме - АҚШ БАҚ-на  «халық жауы» деп шабуыл жасады. Олар біздің білім мен наным негіздеріне, біздің гносеологиямызға олардың мақсаттары мен дәлелдеріне қарсы келген кез келген нәрсені «жалған» ретінде таңбалау арқылы нұқсан келтіруге де тырысты, тіпті ғылымнан да бас тартуға дайын болды. Осының соңғы дәлелі ретінде климат жөніндегі Париж келісімінен бас тарту үшін Трамптың жалған негіздемесін атап кетуге болады.

Он сегізінші ғасырдың ортасынан мыңжылдық бұрын өмір сүру стандарттары тоқырады. Кейіннен екі жарым ғасыр бойы өмір сүру деңгейінің зор артуына негіз салған дәлелді дискурс пен ғылыми зерттеуді алып келген Ағарту дәуірі болды.

Ағартумен қатар біздің қате түсініктерімізді анықтауға және шешуге міндеттеме де келді. Адамдардың теңдігі және барлық адамның негізгі жеке құқықтары туралы  идея тез тарады. Қоғамдар, жеке тұлғаның нәсілі мен жынысы тұрғысынан кемсітушілікті жоюға, ақыр соңында, тұлғаның басқа да аспектілеріне, оның ішінде мүгедектік және жыныстық көзқарасқа да қатысты кемсітушілікпен күресе бастады.

Трамп мұның барлығын кері өзгертуге ұмтылып жатыр. Оның ғылымнан, атап айтқанда, климат ғылымынан бас тартуы технологиялық прогреске қауіп төндіреді. Ал әйелдер, латынамерикалық және мұсылмандарға қатысты фанатизмі (өзі және отбасысына пайдасы тиетін Парсы шығанағындағы мұнай билеушілері сияқты мұсылмандардан басқа) американдық қоғам мен оның экономикасының жұмыс істеуіне және адамдардың жүйенің барлығы үшін бірдей әділ деп сенуіне нұқсан келтіреді.

Популист ретінде, Трамп американдықтар өскен теңсіздікке қарсы белсенді бола бастап, соңғы жылдары кең тарай бастаған экономикалық наразылықты қолданды. Бірақ оның шынайы мақсаты өзін қолдағандардың есебінен өзін және басқа да бай пайда іздегендерді байыту екені оның салық және денсаулық сақтау жоспарлары арқылы анықталды.

Трамп ұсынған салық реформалары, қазір көріп отырғанымыздай, регрестілігі бойынша Джордж Буштікінен асып түсеру анық (табыс бөлудің жоғарғы жағындағыларға түсетін пайданың үлесі бойынша). Ал, өмір сүру ұзақтығы қысқарып жатқан елде, оның денсаулық сақтау бойынша өзгерістері 23 млн астам американдықтарды медициналық сақтандырусыз қалдырады.

Трамп және оның командасы іскерлік келісімдерді жақсы жасай білсе де, олар экономикалық жүйенің тұтас қалай жұмыс жасайтыны туралы мүлдем бейхабар болуы мүмкін. Әкімшілік ұсынған макроэкономикалық саясат жүзеге асырылса, онда олар үлкен сауда тапшылығы және өндірістің одан әрі төмендеуіне әкеледі.

Америка Трамп билігі барысында зардап шегеді. Оның жаһандық көшбасшылық рөлі Трамп Париж келісімінен бас тарту арқылы 190-нан астам елдер сенімін бұзғаннан бұрын жойылған болатын. Қазіргі сәтте, бұл көшбасшылықты қалпына келтіру шын мәнінде ерлікті талап етеді. Біз ортақ ғаламшарда тұрамыз, және әлем біздің бірге жұмыс істеуіміз керек екенін қиын сабақтардан ұғындырған. Біз ынтымақтастық барлығына пайда әкелетінін де білдік.

Сонымен, әлем айтқан сөзді ұқпайтын, құмда ойнап отырған бұзақымен не істеуі керек? Әлем қалайша «сотқар» АҚШ-ты басқара алады?

Өткен айда Трамп және басқа да G7 басшыларымен кездесуден кейін, бұл туралы Германияның канцлері Ангела Меркель дұрыс жауап берді, ол Еуропа бұдан былай «толықтай басқаларға сене алмайтынын» және «біздің өз болашағымыз үшін өзіміз күресуіміз қажет» деп айтты. Қазір Еуропа бірігіп, ағарту құндылықтарын ұстанып, және АҚШ-қа қарсы төтеп бере алуы керек; Францияның жаңа президенті, Эммануэль Макрон қол алысу арқылы Трамптың өз күшін көрсетуге балашыл альфа-еркек тәсілін керемет тоқтата білуі жақсы бір үлгі боларлық.

Еуропа өз қорғанысы бойынша Трамп басқарған АҚШ-қа сене алмайды. Бірақ,  ол Американың индустриялық-әскери кешенінің оны мойындауы қаншалықты қиын болса да, қырғи-қабақ соғыстың аяқталғанын да мойындауы керек. Лаңкестікпен күрес маңызды және қымбат болғанымен, ұшақ тасығыштар мен керемет штурмовиктарды жасау жақсы жауап емес. Еуропа әскери мүдделер талап еткен ЖІӨ-нің 2 пайызын төлей салмай, қанша қаражат жұмсау керектігін өзі шешуі керек. Саяси тұрақтылыққа  Еуропаның әлеуметтік-демократиялық экономикалық моделіне қайта оралуы арқылы қол жеткізуге болады.

Біз енді климаттың өзгеруімен туындаған өмур суру қаупін қайтаруда әлемнің АҚШ-қа  сене алмайтынын да білдік. Еуропа мен Қытай жасыл болашаққа өз міндеттемесін тереңдетіп, экономика  мен планета үшін дұрыс іс жасады. Технологиялар мен білімге инвестиция жасау Германияға республикашылдар идеологиясынан әлсіреген АҚШ-қа қарағанда озық өндіру артықшылығын берді, сол сияқты, Еуропа және Азия болашақ жасыл технологиялары арқылы АҚШ-қа қарағанда еңсерілмейтін дерлік артықшылықтарға қол жеткізеді.

Бірақ әлемнің қалған бөлігі АҚШ-тың ғаламшарды жоюна мүмкіндік бермеуі керек. Және де ол ағартуға қарсы, надан «Америка бірінші кезекте» саясатын жүргізіп сотқар АҚШ-тың пайда көруіне де мүмкіндік бермеуі қажет. Трамп Париж климат жөніндегі келісімнен бас тартатын болса, онда әлемнің қалған бөлігі жаһандық стандарттарға сәйкес келмейтін АҚШ экспортына көміртек реттеу салығын салуы тиіс.

Жақсы жаңалық деп американдықтардың көпшілігінің Трампды қолдамайтынын атауға болады.  Американдықтардың көпшілігі әлі күнге дейін жаһандық жылыну бойынша қауіпті түсініп, ағарту құндылықтарына сенеді, және шаралар қабылдауға дайын. Бірақ, Трампқа қарап, қазірдің өзінде дәлелді пікірсайыс  жасау пайдасыз екенін түсінуіміз керек. Қазір іс-әрекет жасайтын уақыт келді.