Economist in a library Sergei Savostyanov/Getty Images

Экономиканың гуманитарлық жағы

ЧИКАГО – 2006 жылы жасалған сауалнамада американдық университеттің профессорларынан көптеген зерттеу салаларынан білімдар болған немесе тек бір саланың маманы болған жақсы ма деп сұралды. Психология профессорларының арасында 79% -ы, әлеуметтанушылардың 73% -ы және тарихшылардың 68% -ы пәнаралық оқытуға ынталы болды. Ең аз ынта көрсеткендер ше? Экономистер - олардың сауалнамаға қатысқандарының 42% -ы ғана әлемді пәнаралық тұрғыдан түсіну қажеттілігінің бар екенімен келісетінін айтты. Бір маман: «Экономистер басқаларлан үйренетін ештеңе жоқ деп санайды», - деп дұрыс айтқан.

Шындығында, егер олар өздерінің назарын кеңейтсе, экономистер одан көп пайда көреді. Адамдарды түсіну тұрғысынан экономика гуманитарлық ғылымдардан көп нәрсе үйрене алады. Одан оның модельдері неғұрлым шынайы және оның болжамдары дәлірек болып ғана қоймай, сонымен қатар экономикалық саясаты да тиімді және әділірек бола алады.

Әртүрлі мәдениеттері бар елдерде экономикалық өсуді қалай көтеруге болатыны болсын, не университеттер өз студенттерінің есебінен пайда көруінің моральдық мәселелері немесе денсаулық, неке және отбасыларға қатысты жеке мәселелерге байланысты жағдайларда экономикалық түсінік қажет, бірақ ол жеткіліксіз. Егер бұл түсініктермен ғана шектелсек, онда саяси шешімдер әлсіз болып, одан адамдар зардап шегеді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

http://prosyn.org/mnUAV1l/kk;

Handpicked to read next

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.