Average USD market price across major bitcoin exchanges blockchain.info

Крипто ақымақтардың алтыны ма?

КЕМБРИДЖ – Биткоин атты криптовалюта бүгінгі әлемдегі ең үлкен көпіршік пе, әлде жаңа ғасырдағы қаржылық технологияға салынатын керемет инвестиция ма? Менің ойымша, ұзақ мерзімді перспективада бұл технология өркендей түседі, бірақ биткоин бағасы құлдырайды.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Егер сіз биткоинға қатысты жаңалықтардан хабардар болмасаңыз, онда мына ақпарат сіз үшін - соңғы 12 айда оның бағасы 600% -ға, ал соңғы 24 айда - 1600% -ға өсті.  Қазанның бесіндегі мәлімет бойынша, бұл виртуалды валютаның бір бірлігі 4200 доллардан астам тұрады, яғни алтынның унциясынан үш есе қымбат. Кейбір биткоин апологеттері алдағы бірнеше жылда оның бағасы әлдеқайда жоғары болады деп болжайды.

Осыдан кейінгі оқиғалар негізі үкіметтің әрекеттеріне байланысты болады. Олар салық төлеуден жалтаруға және қылмыс жасауға көмектесетін анонимді төлем жүйелеріне төзімді бола ма? Олар өздерінің сандық валюталарын шығаратын бола ма? Тағы бір маңызды мәселе биткоинның «альт-коин» атты көптеген бәсекелестерінің қаншалықты нарыққа сәтті енуіне байланысты.

Негізінде, биткоин технологиясын клондау немесе жақсарту өте оңай. Бірақ биткоинның айналасында қалыптасқан қосымшалардың үлкен экожүйесі мен оған деген сенімділік тәрізді артықшылықтарды қайталау оңай емес.

Қазіргі уақытта бұл саладағы реттеу мен қадағалау әлі де жүйесіз және әлсіз болып тұр. Қытай үкіметі, капиталды елден шығару мен салық төлеуден жалтару үшін биткоинды қолданушыларға қатысты алаңдаушылық танытып, жақында биткоин биржаларына тыйым салды, ал Жапония, fintech саласында жаһандық орталыққа айналу мақсатымен биткоинды заңды төлем құралы ретінде бекітті.

Америка Құрама Штаттары да Жапония тәрізді fintech саласын реттеуге қадамдар жасап жатыр, алайда бұл ойынның соңы қандай болары анық емес. Ең маңыздысы, биткоинге өз жоғары бағасын ақтау үшін әрбір шайқасты жеңудің қажеті жоқ. Жапония, әлемнің үшінші ірі экономикасы және ол елде қолма-қол ақшаның табысқа қатынасы өте жоғары (шамамен 20%), сондықтан биткоинның бұл елдегі жетістігі үлкен жеңіс болып табылады.

Силикон алқабындағы басшылар биткоинге де, оның бәсекелестеріне де ақша құйып жатыр. Биткоиннен кейін ең маңыздысы - эфириум (ethereum). Оның Amazon-ға ұқсас өршіл жоспары - өз тұтынушыларына «ақылды келісімшарттарды» талдап, оларға қол қою үшін бірдей жалпы технологияны қолдануға мүмкіндік беру.

Қазанның басында эфириумның нарықтық капитализациясы 28 миллиард долларға жетті, ал ол биткоиндікі 72 миллиардқа тең болды. Үшінші орында - банк секторының банкаралық және шетелдік банк аударымдары бойынша транзакциялық шығындарды азайту үшін жасаған, 9 миллиард капиталы бар Ripple платформасы. Осы үшеуінен кейін ондаған жаңа бәсекелестері де келе жатыр.

Көптеген сарапшылар виртуалды валютаның негізіндегі керемет технология ғаламдық қаржы жүйесінің тұрақтылығына ең үлкен қауіп-қатерлер келетін киберқауіпсіздік саласында кең қолданысқа ие болуы мүмкін деп санайды. Көптеген бағдарлама әзірлеушілері үшін биткоинның доллардың орнын басам деген ұмтылысынан арзан әрі қауіпсіз төлем механизміне қол жеткізу маңыздырақ болып табылады.

Бірақ, биткоинге орталық банктер шығаратын ақшаның орнын басуға мүмкіндік беріледі деп ойлау орынсыз. Үкіметтің виртуалды валюталармен шағын жасырын операцияларды жасауға мүмкіндік беруі бұл бөлек нәрсе және әдетте бұл орынды да болады. Бірақ кең ауқымды анонимдік төлемдерге рұқсат беру мүлде өзгеше жағдай, бұл салықты жинау немесе қылмыстық әрекетке қарсы тұруды қиындатады. Мен қолма-қол ақшаның бұрынғы, қазіргі және келешек жағдайы туралы жазылған соңғы кітабымда, ірі номиналды валюта шығаратын елдер де салық төлеуден жалтару мен қылмыс жасауды қолдау қаупіне ие болады деп айтып өткенмін. Бірақ виртуалды валютаға қарағанда, қолма-қол ақшаның кемінде саны мен салмағы бар.

Жапондық эксперименттің алда қалай болатынын көру қызықты болады. Үкімет биткоин биржалары қылмыстық әрекеттерді қатаң бақылап және депозиттер иелері туралы ақпарат жинауға мәжбүр болады деп мәлімдеді. Дегенмен, салықтан жалтарушылар биткоинды шетелде жасырын түрде сатып алу жолдарын іздеп, содан кейін жапон шоттары арқылы өз ақшаларының ізін жасыруға тырысатындары анық. Елге және елден шетелге қағаз ақшаны алып кіру салық төлеушілер мен қылмыскерлер үшін негізгі шығындарды тудырады; виртуалды валюталарды қолдай отырып, Жапония Швейцария сияқты салық айлағына айналуы мүмкін, тек мұнда банк құпиясы туралы заң технологияның ішіне жазылған болады.

Биткоинды өз анонимдігінен айырса, оның ағымдағы бағасын ақтау қиын болар еді. Мүмкін, биткоинның алыпсатарлары биткоинды жасырын қолдануға мүмкіндік беретін жеке елдердің консорциумы, тіпті Солтүстік Корея сияқты осы анонимдікті асыра қолданатын мемлекеттер әр уақытта болады деп үміттеніп жүрген шығар.

Мемлекеттер мәмілелерді өте қатаң бақылауға алатын болса, биткоиннің бағасы нөлге дейін  түсіп қалар ма екен? Олай болуы мүмкін емес-ау. Биткоин транзакциялары өте көп электр қуатын қажет етіп, оған әлі де жетілдіру керек болғанымен, олар ірі банктер несиелік және дебеттік карталар бойынша алатын екі пайызға тең комиссиясына қарағанда әлдеқайда тиімді.

Сонымен қатар, орталық банктерге өздерінің цифрлық валюталарын шығарып және реттеу арқылы ойын ережелерін өз пайдасына өзгерту үшін қандай кедергі барын түсіну қиын. Ақшаның ұзақ тарихы, мемлекеттің жекеменшік сектордың инновацияларын ақыр соңында реттеп және иеленіп алатынын көрсетеді. Мен биткоинның бағасының келесі екі жылда қандай болатынын білмеймін, бірақ виртуалды валютаның тағдырының олай болмайды деп ойлауға ешқандай себеп жоқ.

http://prosyn.org/1l4Bi3E/kk;

Handpicked to read next

  1. Patrick Kovarik/Getty Images

    The Summit of Climate Hopes

    Presidents, prime ministers, and policymakers gather in Paris today for the One Planet Summit. But with no senior US representative attending, is the 2015 Paris climate agreement still viable?

  2. Trump greets his supporters The Washington Post/Getty Images

    Populist Plutocracy and the Future of America

    • In the first year of his presidency, Donald Trump has consistently sold out the blue-collar, socially conservative whites who brought him to power, while pursuing policies to enrich his fellow plutocrats. 

    • Sooner or later, Trump's core supporters will wake up to this fact, so it is worth asking how far he might go to keep them on his side.
  3. Agents are bidding on at the auction of Leonardo da Vinci's 'Salvator Mundi' Eduardo Munoz Alvarez/Getty Images

    The Man Who Didn’t Save the World

    A Saudi prince has been revealed to be the buyer of Leonardo da Vinci's "Salvator Mundi," for which he spent $450.3 million. Had he given the money to the poor, as the subject of the painting instructed another rich man, he could have restored eyesight to nine million people, or enabled 13 million families to grow 50% more food.

  4.  An inside view of the 'AknRobotics' Anadolu Agency/Getty Images

    Two Myths About Automation

    While many people believe that technological progress and job destruction are accelerating dramatically, there is no evidence of either trend. In reality, total factor productivity, the best summary measure of the pace of technical change, has been stagnating since 2005 in the US and across the advanced-country world.

  5. A student shows a combo pictures of three dictators, Austrian born Hitler, Castro and Stalin with Viktor Orban Attila Kisbenedek/Getty Images

    The Hungarian Government’s Failed Campaign of Lies

    The Hungarian government has released the results of its "national consultation" on what it calls the "Soros Plan" to flood the country with Muslim migrants and refugees. But no such plan exists, only a taxpayer-funded propaganda campaign to help a corrupt administration deflect attention from its failure to fulfill Hungarians’ aspirations.

  6. Project Syndicate

    DEBATE: Should the Eurozone Impose Fiscal Union?

    French President Emmanuel Macron wants European leaders to appoint a eurozone finance minister as a way to ensure the single currency's long-term viability. But would it work, and, more fundamentally, is it necessary?

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now