1

Иран экономикасы Руханиді батырып тастай ма?

КЕМБРИДЖ – «Басқарылатын демократия» үшін Иран аса күтпеген президенттік сайлау өткізеді. Ал алдағы 19 мамырдағы сайлау да оңай емес болады, себебі қазіргі президент Хасан Руханидың қарсыласы қатаң консервативті көзқарасты адам.

Руханидің қарсыласы, Ибрахим Раиси, Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің ықтимал мұрагері болып саналатын жоғары лауазымды діни қайраткер болып табылады. Раисидің сайлауалды науқанына консервативті партиядан басқа қатысушының шығып кетуі жағымды бір жаңалық болды; ол 2013 жылғы сайлауда Рухани жинаған дауыстың тек үштен бірін жинаған, Тегеран мэрі Мохаммад Бағер Галибафа.

Рухани 2013 жылы сайланған кезде Иран 35% инфляциядан зардап шегіп, ұлттық валюта өткен жылы орын алған үштен екісіне тең девальвациядан қалпына әлі келмеген еді, сонымен қатар экономиканың дамуына халықаралық санкциялар да нұқсан келтіріп жатқан. Иранның жетекші өңдеуші өнеркәсібі мұнай экспорты және автомобильдер шығару үштен екісіне дейін қысқарды; ал өнеркәсіптегі жұмысшылар төленбеген жалақыларын төлеуді талап етті.

Рухани сайлау науқаны кезінде бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежадтың популистік саясатына қарсы шығып, байлықты қайта бөлуге емес, жұмыс орындары мен өндірісті бірінші орынға қоюға уәде еткен. Ол санкцияларды аяқтау үшін Батыспен келіссөздер жүргізіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қалпына келтіріп, инфляцияны бақылаймын деп айтып өткен.