1

Иран экономикасы Руханиді батырып тастай ма?

КЕМБРИДЖ – «Басқарылатын демократия» үшін Иран аса күтпеген президенттік сайлау өткізеді. Ал алдағы 19 мамырдағы сайлау да оңай емес болады, себебі қазіргі президент Хасан Руханидың қарсыласы қатаң консервативті көзқарасты адам.

Руханидің қарсыласы, Ибрахим Раиси, Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің ықтимал мұрагері болып саналатын жоғары лауазымды діни қайраткер болып табылады. Раисидің сайлауалды науқанына консервативті партиядан басқа қатысушының шығып кетуі жағымды бір жаңалық болды; ол 2013 жылғы сайлауда Рухани жинаған дауыстың тек үштен бірін жинаған, Тегеран мэрі Мохаммад Бағер Галибафа.

Рухани 2013 жылы сайланған кезде Иран 35% инфляциядан зардап шегіп, ұлттық валюта өткен жылы орын алған үштен екісіне тең девальвациядан қалпына әлі келмеген еді, сонымен қатар экономиканың дамуына халықаралық санкциялар да нұқсан келтіріп жатқан. Иранның жетекші өңдеуші өнеркәсібі мұнай экспорты және автомобильдер шығару үштен екісіне дейін қысқарды; ал өнеркәсіптегі жұмысшылар төленбеген жалақыларын төлеуді талап етті.

Рухани сайлау науқаны кезінде бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежадтың популистік саясатына қарсы шығып, байлықты қайта бөлуге емес, жұмыс орындары мен өндірісті бірінші орынға қоюға уәде еткен. Ол санкцияларды аяқтау үшін Батыспен келіссөздер жүргізіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қалпына келтіріп, инфляцияны бақылаймын деп айтып өткен.

Кез келген ақылға қонымды ��тандарттарға сәйкес ол уәделерін орындады: инфляция деңгейі үш онжылдықта тұңғыш рет он пайыздан төмендеді; санкциялар 2015 жылғы ядролық мәмілеге сәйкес алынды; және айырбас бағамы төрт жыл бойы тұрақты болды. Бірақ, Рухани үшін өкінішті боларлық, осы табыстар нәтижесінде олардың өмір сүру деңгейін және жұмыспен қамту перспективаларын жақсартуды күткен көптеген ирандықтардың қазір көңілі қалған.

Иә, экономика екі жыл бойы ЖІӨ төмендеуінен кейін, қайтадан өсе бастады. Бірақ қазіргі қалпына келі кезеңінің ауқымы мен тұрақтығы туралы келіспеушіліктер бар. Соңғы экономикалық өсуді мұнай өндірудің екі есе артуымен түсіндіруге болады, бірақ ол тұрмыстық кірістер өсуі немесе жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін тудыртпайды. Осылайша, жылына екі рет Иранға келетін Халықаралық валюта қоры сарапшылары 2016-2017 қаржы жылы 6,6% өсімді болжайды, бірақ 2017-2018 қаржы жылғы өсім тек мұның жартысына ғана тең болады деп атап өтті.

Сауалнамалар нәтижелері көрсеткендей, Тегеран тыс, орташа нақты (инфляция ескеріліп, түзетілген) тұрмыстық шығыстар, Руханидің мерзімінің алғашқы екі жыл ішінде төмендеп, кедейлік өскен. 2015-2016 қаржы жылында, Рухани билік басына келген жылмен салыстырғанда, кедейлік шегінен төмен тұратын адамдар саны бір миллионға дерлік артты.

Алайда осы нәтижелерге қарап, ол өз уәдесін орындамады деп санауға болмайды. Сайлаушылар Руханидің инфляцияны төмендетемін деген үндеуін қолдаған кезде, олар бағалардың өсуін баяулату баяу табыс өсімін білдіретінін түсінбеген шығар. Ал осылай ойлаған жалпы хадық жалғыз емес еді, тіпті бастапқыда Руханидің экономикалық кеңесшілерінің бірі инфляция деңгейі 20 пайыздық тармаққа төмендеді, сондықтан тұрғындардың жағдайы 20%-ға жақсарды деп мақтанған.

Сонымен қатар, Рухани рецессияны тереңдетіп және қалпына келуді кешіктірткен тығыз фискалдық саясатын жүргізіп келді. Ол мемлекеттік капитал инвестицияларын ЖІӨ-нің шамамен 5% деңгейінде сақтап қалды. Бұл деңгей Ахмадинежад кезіндегіден екі есе көп болғанымен, бірақ тым төмен болып саналады. Иранда үкімет белгіленген инвестициялар экономикалық өсудің дәстүрлі жүргізушісі болып табылады, және жақсы кездерде ол ЖІӨ-нің 20%-на да жеткен.

Иранда жылжымайтын мүлік бағаларының тоқырауы және банк жүйесінің қатып калуы салдарынан ірі инвестициялық тарығу орын алған. Иранның банктері әлі де Ахмадинежадтың популистік жобаларын қаржыландыру үшін оларға мәжбүр етіп алдырған үмітсіз кредиттермен басылып қалған. Ал Иран Орталық Банкі экономикаға ақша айдап және жылына 26% -ға өтімділікті арттырып отырғанына қарамастан несиелеудің дүрыс ағымын қалпына келтіре алмады.

Нәтижесінде, нақты пайыздық мөлшерлемелер 10 пайыздан жоғарылады және бұл жеке инвестицияларды тартуға кедергі жасауда. Ал мемлекет инвестиция салғысы келмей, және жеке сектор қарыз бере алмағандықтан, жалпы инвестиция мөлшері 2016-2017 қаржы жылының алғашқы тоғыз айында 9% -ға төмендеді; өткен жылдың осындай кезеңінде ол 17% -ға құлаған.

Экономикалық жаңартылған өсуіне қарамастан, іс жүзінде жұмыссыздық соңғы төрт жылда өсті. Жыл сайын экономикада жарты миллионнан астам жұмыс орны құрылды, бірақ еңбек нарығына жаңа қатысушылар шығып, жұмыссыздық деңгейі 10,1% -дан 12,1% -ға дейін өсті (15-24 жастағы қызметкерлер үшін 24% -дан 29 %-ға дейін).

Хаменеи Руханиді жұмыспен қамтамасыз етудің нашар көрсеткіштерімен айыптады. Ирандағы жаңа жылмен құттықтау мерекесіне орай ол наурыз айындағы құттықтау сөзінде еліне «өндіріс және жұмыспен қамту» жылын тіледі және келесі президентті шетелде көмек іздеуден гөрі, жергілікті ресурстар арқылы жұмыс орындарын құруға шақырды.

Жас ирандықтардың пікірі бойынша, олар Руханиді 2013 жылғы сайлауда қолдағанымен, оның экономикалық стратегиясының сәтсіз болғаны анық, себебі олар жұмыссыздардың 60%-ын құрайды. Бірақ Иранның жастары Руханидің экономикалық саясатының кемшіліктеріне көз жұмып, ол үшін қайта дауыс беруі мүмкін, себебі оның консервативтік бақталастарының қатал морализміне қарағанда, олар Руханидың әлеуметтік саясат мәселелері бойынша еркін ұстанымын қолдайды.

Егде ирандықтар болса мұндай кешірімшіл болмауы мүмкін. Жастар арасындағы жұмыссыздық барлығына әсер етеді, бірақ жұмыссыздарға баспана мен тамақ беретін ересектерге әсері әлдеқайда қатты. 2015-2016 жылғы зерттеу мәліметтері бойынша, ата-аналарымен бірге өмір сүрген жасы 35 жастан төмен ерлердің 65 пайызы үйленбеген, ал 24% жұмыссыз болған. Неке және жұмыс Иранда ересек өмірдің екі анықтайтын элементтері болып табылады. Онсыз көптеген жас адамдар қылмыскер немесе есірткеге әуес болып, мұның салдары өте залалды болды.

Рухани кедейлерге берілетін қолма-қол ақша аударымдарын арттырмай, 50% -ға энергия бағасын өсірді. Біз кедей тұрғындардың 2013 жылы Руханиді қолдау дәрежесін білмейміз; бірақ олар бұл жолы сондай қолдауды жасамауы мүмкін. Рухани тоқтатылған нан және энергетикалық субсидия орнын толтыру үшін әзірленген Ахмединежадтың қолма-қол ақша-аудару саясатын қатты сынға алды. «Халықтың ас бөлмелеріне мұнай ақшасын» жеткізуге бағытталған Ахмединежадтың әрекеті инфляцияның өсуіне апарғанымен, ол сондай-ақ айтарлықтай кедейлік пен теңсіздік қысқартты.

Десе де, Иран Республикасының әрбір президенті екі қызмет мерзімін атқарғандықтан Руханидің қайта сайлауда жеңіске жетуі күтілуде. Бірақ, егер ол жеңілсе, онда оның тым аз пайданы тым кеш берген экономикалық саясатын кінәлауға болады.