16

Жалған жаңалықтар қалай жеңіске жетеді?

ВАШИНГТОН – Америка Құрама Штаттарындағы соңғы президенттік сайлау науқанын басып кеткен жалған жаңалықтар толқынына жауап ретінде, басты назар сол әңгімелерді бастап немесе таратқандарға салынды. Жаңалықтар тарататын БАҚ оқырмандар мен көрермендерге тек «фактілерді» хабарлағанда, олар әрқашан әр жаңалықтан дұрыс қорытынды жасай алатын еді деген де ойлар бар.

Бірақ бұл тәсіл теңдеудің тек жартысын шешеді. Иә, бізге сенімді ақпарат беретін ақпараттық ұйымдар қажет; бірақ бізге, сондай-ақ оны дұрыс қабылдайтын білгір тұтынушылар да керек.

Ондаған жылдар бойы АҚШ үкіметі, авторитарлық, ресурстері жоқ немесе нашар дамыған елдерде тәуелсіз БАҚ жәрдемдесу бағдарламаларын қолдады. Бірақ бұл бағдарламалар бойынша, АҚШ басқа елдерде адамдардар тап болатын ақпаратты шығару немесе тұтынуға байланысты проблемалардан алшақ деген ой болуы мүмкін. АҚШ-та, біз америкалық БАҚ жарнамадан түскен табыспен тұрақты, гүлдене береді деп ойлаймыз; тәуелсіз журналистика норма болып табылады; сонымен қатар адамдардың көпшілігі алған ақпарат туралы сыни ойлап, орынды пайымдаулар жасауға қабілетті деп те сенеміз.

Шын мәнінде, шетелде жарқын ақпарат жинау және таратуды қолдай отырып, біз АҚШ та да сабақ болар тәжірибе жинадық. 2016 жылғы сайлауда миллиондаған сайлаушылардың шешім қабылдауына әсер еткен жеке нанымдарына әрбір адамның өмір тәжірибесі және қолжетімді ақпарат қана емес, сондай-ақ олар осы тәжірибе және осы ақпаратты қалай тұтынып, ұғынуы да әсер етті. Контент өндірушілерге деген сайлаушылардың көзқарасы, фактілеріне сену немесе сенбеуі, олардың сыни ойлау дағдылары - мұның барлығы олардың осы ақпаратты ұғынып және осы түсінікке негізделген әрекет етуіне байланысты болды.

Сайлау науқаны кезінде, ең негізгі сарапшылар миллиондаған американдықтардың нанымындары немесе көзқарасын көзге елемейтіндей көрінді, сондықтан ол сарапшылардың тоқтаусыз әңгімелері миллиондаған американдықтарға қызықты болмады. Сайлаушыларға, осы сарапшылар нағыз маңызды мәселелерді ұмытқан, жәй белгілі бір ақпарат насихаттаушылары тәрізді көрінді. ТВ камералар алдындағы ерлер мен әйелдер, көрермендердің ақпаратты ұғыну тәсілдерін анықтайтын қатынастар қалыптасатын зауыттар, офистер, барлар, шіркеулер, мектептер, ауруханалардан тым алыс адамдар. Сандық технологиялар революциясы халықтың қабылдаған ақпаратқа байланысты пікір мен реакциясының қалыптасуында адамдар арасындағы байланыстың маңыздылығын төмендете алмады.

Тұтынушылардың олардың нанымдарын сынайтын ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ету үшін қарым-қатынаста ең маңызды сенім болып табылады. Бірақ, Gallup жасаған сауалнама нәтижелеріне сәйкес, американдықтардың тек 32% -ының дәстүрлі БАҚ қатысты сенімі «жоғары» немесе «орташа» болып табылады, бұл өте төмен нәтиже. Яғни бұл маңызды проблема, себебі бұл көптеген азаматтардың жалған ақпаратпен қатар сапалы ақпаратты да елемейтінін білдіреді.

Кез келген басқа да тауар тәрізді, ақпаратты тұтыну жолдары экономикалық және саяси мүмкіндіктер, жеке ынта, сондай-ақ институционалдық немесе мәдени нормаларға байланысты. Жалақысы тоқыраған Огайо жұмысшылары, немесе жұмыс орындары шетелге ауыстырылған Мичигандагы жұмыссыз сайлаушылар өз экономикалық жағдайының әсерінен ақпаратты тұтынады. Сондықтан олардың ақпарат нақтылығына көңіл бөлмей, жаһандану және ағымдағы қаржы-экономикалық саясат қатты сынға алынатын ақпарат көздерін жиі таңдауы таңқаларлық емес.

Сенімді, нақты ақпаратпен кеңінен қамтамасыз ету дұрыс таңдау жасауға жеткілікті емес; жаңалықтар тұтынушыларына сыни ойлау дағдысы да қажет. Ақпарат біз жейтін азық-түлік сияқты: біз оның ингредиенттерін біліп, қайда және қалай жасалғанын және шамадан тыс тұтынғанда болатын әсерін де білуіміз керек.

Негізгі БАҚ пен тұтынушылар арасындағы сенімге толы қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін, бәлкім, ондаған жылдар қажет болар. Ақпаратты тұтынушылар да әрқашан ақпараттың белгілі бір бөлігін таңдап отырады, және қабылдау үшін жалған нанымдар мен ынталары болады. Десе де, біз азаматтардың сенімді ресурстарды таңдай біліп, өз жалған нанымдарын жеңе білулері үшін сыни ойлау дағдыларын жетілдіре аламыз.

Сыни ойлау дағдыларын насихаттау үшін уақыт пен тәжірибе керек, сондықтан қазіргі уақытта білім беру саласына инвестиция жасау бұрынғыдан да маңызды болып табылады. Шетелде қолданылған кейбір модельдер АҚШ-та да іске асырала алады. Мысалы, Украинада, жақында IREX жүзеге асырған бастама Кремль қаржыландыратын насихаттаудың зиянды әсерін тоқтату мақсатында кітапханашыларды жұмылдырды. Он бес мың украиндықтар, эмоционалдық манипуляцияларды болдырмау, ақпарат көздерін және сәйкестендіруді тексеру, ақылы контент пен жек көрушілік дискурсын анықтау, сондай-ақ жалған видео және фотоларды анықтау сияқты нақты дағдыларды үйренді.

Нәтижелер таңданарлықтай болды: қатысушылар жалған хабарды сенуге тұрарлық жаңалықтардан ажырату қабілетін 24% -ға жақсартты. Оның үстіне, олар содан кейін дезинформацияны анықтауға жүздеген адамдарды үйретті, осылайша бастаманың жалпы әсері көбейді.

Өте қарапайым инвестициялар арқылы, біз осы дағдыларды мектеп бағдарламасының стандартына да енгізе аламыз. Сондай-ақ, филантроптар ақпаратты сыни тұтыну қабілетін нығайту мақсатында азаматтармен жұмыс істейтін  ұйымдарды ашуға ат салысып немесе оларды қолдай да алады.

Дәл, сенімді ақпарат және сыни ойлау дағдылары демократияға ауадай қажет. Біздің оларды тіпті Америкада күнделікті орын алатын, бар нәрседей қабылдамауымыз керек. Себебі осылайша жалған жаңалықтар жеңіске жетеді.