State budget negotiations Portland Press Herald/Getty Images

Америкадағы салық реформасы мен бюджет дефициті

КЕМБРИДЖ – АҚШ-тың өкілдер палатасындағы Республикалық партия мүшелері бір жылдан астам уақыт жеке және корпоративтік салыққа реформа енгізу жобасын әзірлеп жатыр. 2018 жылғы сайлау да таяп қалғандықтан, өкілдер палатасындағы республикалық партия мүшелері реформалар пакетін мақұлдап, сенатқа жіберуге дайын отыр. 

 Бұл реформа 1986 жылы өткізілген соңғы ірі реформадан әлдеқайда өзгеше болмақ. 1986 жылғы «Салық реформасы» Акті жеке табыс салығына көп көңіл бөлді, ең жоғарғы мөлшерді 50 пайыздан 28 пайызға төмендетіп, әсіресе табысы төмен салық төлеушілерге түсетін салмақты жеңілдетті. Азайған кірістің орны салық шегерімдерін және басқа да бухгалтерлік ережелерді өзгерту есебінен толтырылды.  Салықтың төмендігі экономикалық өсімге түрткі болып, халықтың табысы ұлғайды, сөйтіп, бұл реформа табыс деңгейі әртүрлі адамдардың барлығына бірдей әсер етті.

1986 жылдан бергі 30 жыл ішінде табысы жоғары адамдардың салығы 28 пайыздан 39,6 пайызға дейін едәуір өсті, бұған инвестициялық табысқа салынатын 3,8 пайыз салықты тағы қосыңыз. Конгрестің бюджет кеңсесі 1979-2013 жылдар аралығындағы салықтарды жан-жақты зерттей келе табысы әртүрлі топтардың әрбір квинтилінде тиімді салық мөлшерлемесінің төмендегенін, табысы ең жоғары 1 пайыз халықтың салығы 35 жылдық орташа көрсеткіштен 1 пайызға өскенін анықтады. 

To continue reading, please log in or enter your email address.

To continue reading, please log in or register now. After entering your email, you'll have access to two free articles every month. For unlimited access to Project Syndicate, subscribe now.

required

By proceeding, you are agreeing to our Terms and Conditions.

Log in

http://prosyn.org/qAvh2zT/kk;

Handpicked to read next

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.