14

Трамптың валюталық ойжұмбақтары

НЬЮ-ЙОРК – Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауында Хиллари Клинтонды жеңген кезде нарықтан дереу теріс әсер күтілген еді. Бірақ, келесі күні нарықтың  кезекті төмендеуі керісінше өзгерді.

Трамптың жеңіс сөзінен соң, АҚШ акциялары мен облигацияларының табыстылығы өсті;  және бұл сөзі ол орталыққа қарай бағыт бұра бастағанының белгісіндей болды-ал мұндай әрекетті одан осы жазда оның Республикашыл партиясы атынан жеңіп, бүкілхалықтық сайлау науқанына кіргенінен кейін инвесторлар аса күтуде еді.

Өз сөзінде, Трамп барлық американдықтар үшін олардың президенті болуға уәде беріп, Клинтонның өткен мемлекеттік қызмет істерін жоғары бағалады; сондай-ақ корпорациялар мен дәулетті тұлғаларға салынатын салықтарды қысқарту мен инфрақұрылым шығындарына бағытталған жаппай фискалдық-ынталандыру саясатын жүргізуге уәде берді.

Нарықтар қазірше Трампқа кінәсіздік презумпциясын береді; бірақ инвесторлар енді оның өз әкімшілігіне қандай адамдарды тағайындайтынын, фискалдық саясаты іс жүзінде қандай болатынын,  сонымен қоса ол ақша-несие саясатының қандай бағытта жүргізетінін қазір бақылап отыр.