11

АҚҚ үшін жаңа өмір басталды ма?

ВАШИНГТОН – Жаһандануға қарсы саяси қозғалыстардың өсуі мен сауда протекционизм қаупі көптеген адамдарды әлемдік экономика үшін күшті көпжақты негізді қалыптастыру қатерлі бөліну әсерін азайта ала ма деген ойға әкелді. Бірақ, қазіргі кездегі келісімдер, қаншалықты қысым көрмесе де, біздің Екінші Дүниежүзілік соғыстан өткен аталарымыздың өркендеу, тұрақтылық пен ғаламдық дамуды 1930 жылдары зақымдаған «көршіңді кедейлет» деген ұлттық саясат қаупін азайтуға деген ынтаның айқын көрінісі.

Осындай ойлар шамамен 50 жыл бұрын, жаһандық валюта жаршысы ретінде Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз алу құқығын (АҚҚ) іске қосуға да негіз болды. Ал халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығына деген жаңартылған қызығушылық барысында, ХВҚ-дағылар мен басқалары да АҚҚ қайта жаңғырту көпжақтылықты қайта қуаттандыру жоспарының бір бөлігі ме деп сұрап жатыр.

АҚҚ құру үшін бастапқы себептердің ішінде, ұлттық валютаның әлемдегі резервтік валюта ретінде рөліне деген сенімділік пен оның жаһандық өтімділігін қамтамасыз етуді бірге алып жүру қабілетіне деген алаңдаушылық, яғни экономистер «Триффин дилеммасы» деп атайтын ой болды. ХВҚ басқаратын халықаралық валютаны енгізу арқылы мүше елдер халықаралық  монетарлық жүйені бейұлттық ресми резерв активі негізінде нығайтуға ұмтылды.

Құқықтық және тәжірибелік факторлар, сондай-ақ бірқатар елдердің көпжақты институттарға экономикалық басқаруды тапсыруға саяси қарсылық көрсетуі, АҚҚ-ны өз мақсатын орындаудан тоқтатты, оның ішінде өсуге бағдарланған жаһандық экономиканың бірліктік жұмыс істеуінің негізі болған, шын мәнінде жаһандық резервтік валюта рөлі де бар. Әлсіз институционалдық инфрақұрылым,  жеткіліксіз брендинг, ақпарат және басқа да нарықтық сәтсіздіктер де өз залал әсерін қосты. Нәтижесі, АҚҚ әлеуеті және оның атқарылуы арасындағы елеулі алшақтық болып табылады.