11

АҚҚ үшін жаңа өмір басталды ма?

ВАШИНГТОН – Жаһандануға қарсы саяси қозғалыстардың өсуі мен сауда протекционизм қаупі көптеген адамдарды әлемдік экономика үшін күшті көпжақты негізді қалыптастыру қатерлі бөліну әсерін азайта ала ма деген ойға әкелді. Бірақ, қазіргі кездегі келісімдер, қаншалықты қысым көрмесе де, біздің Екінші Дүниежүзілік соғыстан өткен аталарымыздың өркендеу, тұрақтылық пен ғаламдық дамуды 1930 жылдары зақымдаған «көршіңді кедейлет» деген ұлттық саясат қаупін азайтуға деген ынтаның айқын көрінісі.

Осындай ойлар шамамен 50 жыл бұрын, жаһандық валюта жаршысы ретінде Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз алу құқығын (АҚҚ) іске қосуға да негіз болды. Ал халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығына деген жаңартылған қызығушылық барысында, ХВҚ-дағылар мен басқалары да АҚҚ қайта жаңғырту көпжақтылықты қайта қуаттандыру жоспарының бір бөлігі ме деп сұрап жатыр.

АҚҚ құру үшін бастапқы себептердің ішінде, ұлттық валютаның әлемдегі резервтік валюта ретінде рөліне деген сенімділік пен оның жаһандық өтімділігін қамтамасыз етуді бірге алып жүру қабілетіне деген алаңдаушылық, яғни экономистер «Триффин дилеммасы» деп атайтын ой болды. ХВҚ басқаратын халықаралық валютаны енгізу арқылы мүше елдер халықаралық  монетарлық жүйені бейұлттық ресми резерв активі негізінде нығайтуға ұмтылды.

Құқықтық және тәжірибелік факторлар, сондай-ақ бірқатар елдердің көпжақты институттарға экономикалық басқаруды тапсыруға саяси ��арсылық көрсетуі, АҚҚ-ны өз мақсатын орындаудан тоқтатты, оның ішінде өсуге бағдарланған жаһандық экономиканың бірліктік жұмыс істеуінің негізі болған, шын мәнінде жаһандық резервтік валюта рөлі де бар. Әлсіз институционалдық инфрақұрылым,  жеткіліксіз брендинг, ақпарат және басқа да нарықтық сәтсіздіктер де өз залал әсерін қосты. Нәтижесі, АҚҚ әлеуеті және оның атқарылуы арасындағы елеулі алшақтық болып табылады.

Осылайша, бұл алшақтық жаһандық экономиканың көптеген мүмкіндіктерді жоғалтқанын білдіреді, әсіресе актив-пассивтерді басқару тұрғысынан, сонымен қатар өтімділік тапшылығы және профицит пен дефициттері бар елдер арасындағы түзетулер, және нақты және әлеуетті өсу арасындағы алшақтық та бар. Егер АҚҚ халықаралық валюта жүйесінде мықты ұстап тұратын механизм болғанда, пруденциалдық валюта әртараптандыру оңай жасалар еді, қымбат және тиімсіз өз сақтандыру фондтарында қажеттілік азаяр еді, және өтімділікті азырақ кезеңділікпен қамтамасыз ету орын алар еді.

Сонымен, төмен және жеткіліксіз инклюзивті өсу барысында тым көп жылдар бойы нашар жаһандық саясатты үйлестіруден ішінара туындаған бүгінгі жаһандануға қарсы боран кезінде, АҚҚ рөлін және әлеуетті пайдасын арттыру үшін орта жасау мүмкін бе?

Бұл сұраққа жауап беру үшін,  АҚҚ пайдалану экожүйесіне назар аудару қажет және бұл тұрғыдан композитті валюта (өткен жылы британдық фунт, еуро, жапон йенасы, және АҚШ доллары қатарына қытай юаны қосылды) игілікті циклдің пайды болуының арқасында ұта алады. Атап айтқанда, үш рөлді (ресми резерв активі, қаржылық қызметте кең қолданылатын валюта ретінде, және ақшалай қаражат) атқара отырып, АҚҚ арқылы ресми өтімділікті қамтамасыз етіп, мемлекеттік және жеке операциялар бойынша, бүкіл әлемде пайдаланылатын жаңа активтер ауқымын кеңейтуге болар еді, және де АҚҚ-ны қаржы есеп бірлігі ретінде пайдалануға да болар еді.

Әрине, озық экономикалардың оқшауланатын, популистік және ұлтшыл саясат құшағында болған сайын АҚҚ жандандыруының орын алуы екіталай. Тіпті ХВҚ келісімінің баптарына түзетулерді талап етпейтін, практикалық, жеңіл шараларды іске асыру саяси қиындықтарға тап болады. Бірақ ондай шаралар туралы ойлану артық болмас.

Назарды, кейбір облигациялық беру және сауда операциялар бойынша АҚҚ пайдалану, нарықтық инфрақұрылымды дамыту (төлемдер мен есеп айырысу механизмдерін қоса алғанда), бағалау әдістемелерін жетілдіру, және біртіндеп АҚҚ деноминацияланған кредиттер мен облигациялар бойынша табыстылық ауытқымасын құруға аудару керек. Бұл сондай-ақ, АҚҚ  міндеттемелерінің өзара байланысы арқасында тез зәру жиынды құрап, және одан әрі, кезең-кезеңмен жетістіктер үшін негізді жасауға көмектесер еді.

Бұл жобада жетістікке жету үшін ХВҚ тәсілдері де жетілу керек, мұндай жағдай жеке елдермен жұмыс жасау барысында орын алған.

Мен, 1980 жылдардың басында ХВҚ-на жұмысқа орналасқанымда, жеке елмен жасалған жоба немесе жалпы саяси жұмыс барысында да, мемлекеттік емес әріптестермен талқылау жасау қолдауға ие болмаған. Бүгінгі жағдай мүлдем басқа. ҮЕҰ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ саясаткерлермен араласу қазір мемлекетте көмек берудің, фонд жобаларын іске асырудың маңызды элементі болып табылады,  сондай-ақ Қордың «қадағалау» функциясы үшін маңызды болып табылады.

ХВҚ қазір оның саяси бағдарламасында маңыздылығы артып келе жатқан ұлтүстілік мәселелер бойынша жасалған шешімдер сапасын өсіргісі келсе, ұқсас қайта бұрылыс жасау керек. Атап айтқанда, Қорға өзінің үкіметтер мен басқа да көпжақты мекемелерден тұратын дәстүрлі базасын жүйелі түрде ықпалды жергілікті және жеке меншік әріптестермен (мысалы, Дүниежүзілік Банк) толықтыруы қажет болады. Нәтижесінде пайда болған мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктер өндіріс ауқымын кеңейте отырып, нарықтық инфрақұрылымды дамытып және АҚҚ үшін өтімділікті қамтамасыз етер еді.

Дамуды қолдайтын жобалар және коммерциялық қызметті бірге алып жүру оңай шаруа емес, алайда солай істемесе, жаһандық өсу мен тұрақтылық үшін оның салдары өте зор. Сонымен қатар, ХВҚ басқа да ресми көпжақты және аймақтық мекемелер, егеменді қорлар, және трансұлттық қаржылық компаниялармен өзара қарым-қатынас құруға назар аудара отырып, шағын бастамаларды қолға ала алады, және мұның барлығын G20 арасындағы дайын белсенді коалиция аясында іске асыра алады.

Әлемдегі сауда және қаржылық жаһанданудың тез өсу дәуірінде резервтік валюта  ретінде АҚҚ қолданылса өте тамаша болар еді. Ал қазіргі нақты жағдайда халықаралық ақша жүйесі таңдай алатын екі жол бар: барлық тәуекелдер мен шығындарын ескере отырып, фрагментацияны таңдау немесе төменнен жоғары қарай  жүйелі дамуға қолдау беретін серіктестік арқасында жаһандық экономика тұрақтылығын ақырындап нығайту.