Banner pro referendum LLUIS GENE/AFP/Getty Images

Ұлтшылдықты бәсеңдетіп, демократияны дәріптеудің жаңа әдісі

ВАШИНГТОН – Гарвард университетінің экономика профессоры Дэни Родриктің айтуынша, мемлекет егемендікті, демократияны және жаһандануды бір мезетте қатар жүргізе алмайды. Жақында Хавьер Солана да айтып өткен «әлем экономикасының трилеммасы» теориясы – өте маңызды, бірақ бұл – толық аяқталмаған теория.

Жақында жарық көрген жаңа кітабында Родрик шектен тыс жаһандану демократиялық ұлттық мемлекеттің егемендігіне зиянын тигізеді дейді, себебі олар халықтың талап-тілегімен қабыса бермейтін сыртқы экономикалық және қаржылық күштерге көп тәуелді болып қалады. Осы қисынға салып қарасақ, қазіргі жаһанданған заманда авторитарлық мемлекет жақсырақ жұмыс істейді, себебі олар электораттың көңіл-күйіне көп қарай бермейді.

Жаһандану аз болса, ұлттық мемлекеттің ішіндегі демократиялық шешім қабылдау сыртқы күштерге, әсіресе қаржы нарықтарына, онша көп бағынышты болмайды. Жаһандану мен демократия да ұлттық мемлекетсіз-ақ жұмыс істей беруі мүмкін, дегенмен Родрик демократиялық институттардың ғаламдық масштабта әрекет ете алатынына күмәнмен қарайды.

https://prosyn.org/MaA2vjakk