Banner pro referendum LLUIS GENE/AFP/Getty Images

Ұлтшылдықты бәсеңдетіп, демократияны дәріптеудің жаңа әдісі

ВАШИНГТОН – Гарвард университетінің экономика профессоры Дэни Родриктің айтуынша, мемлекет егемендікті, демократияны және жаһандануды бір мезетте қатар жүргізе алмайды. Жақында Хавьер Солана да айтып өткен «әлем экономикасының трилеммасы» теориясы – өте маңызды, бірақ бұл – толық аяқталмаған теория.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Жақында жарық көрген жаңа кітабында Родрик шектен тыс жаһандану демократиялық ұлттық мемлекеттің егемендігіне зиянын тигізеді дейді, себебі олар халықтың талап-тілегімен қабыса бермейтін сыртқы экономикалық және қаржылық күштерге көп тәуелді болып қалады. Осы қисынға салып қарасақ, қазіргі жаһанданған заманда авторитарлық мемлекет жақсырақ жұмыс істейді, себебі олар электораттың көңіл-күйіне көп қарай бермейді.

Жаһандану аз болса, ұлттық мемлекеттің ішіндегі демократиялық шешім қабылдау сыртқы күштерге, әсіресе қаржы нарықтарына, онша көп бағынышты болмайды. Жаһандану мен демократия да ұлттық мемлекетсіз-ақ жұмыс істей беруі мүмкін, дегенмен Родрик демократиялық институттардың ғаламдық масштабта әрекет ете алатынына күмәнмен қарайды.

Әрине, Родрик мұны қатып қалған қағида ретінде қарастырмайды. Керісінше, ол бұл үш бірдей институционалдық механизмді қалыптастыру мен ұстап тұрудың қиындықтықтарына назар аудартуды көздейді. Дегенмен, Родриктің концепциясын толық түсіну үшін өзгеше бір өлшемге, яғни бүгінгі әлемде басқарудың әртүрлі деңгейі бар екеніне назар аудару керек.

Әрине, ұлттық үкімет басқарған ұлттық мемлекет – халықаралық тәріптің негізгі өзегі болып қала бермек. Бірақ ұлттық мемлекеттен төмен деңгейде штаттар (аймақтар), қалалар, аудандар бар, және олардың өз басқару құрылымы бар. Ал бұлардың үстінде Еуропа одағы сияқты ұлтүстілік блоктар және БҰҰ сияқты ғаламдық институттар бар. Трилемма туралы сөз еткенде басқарудың осындай түрлі деңгейлерін есепке алу керек.

Үкіметтерге қатысты жаппай сенімсіздік - бір жағынан ұлттық мемлекеттерге үстемдік етіп отырған жаһандануға қарсылықтың белгісі. Дегенмен, халықтың үкіметтен көңілі қалуының тағы бір себебі – азаматтар өз үкіметтерінен алшақтап барады.

Жергілікті үкіметтер соншалық алыс емес, азаматтар оларға әлі де біршама ықпал ете алатынын біледі. Сондықтан, демократия мен жаһандану арасындағы қақтығыс аймақтық деңгейде соншалық қатты байқалмайды. Аймақтық үкіметтердің жаһанданудың ықпалында қалмай, көбіне инфрақұрылым, білім беру, тұрғын үй салу сияқты жергілікті мәселелерге көбірек көңіл бөлуі көп пайдасын тигізіп отыр.

Бұл спектрдің арғы басында Еуроодақ сияқты ұлтүстілік басқару құрылымдары тұр. Еуроодақ сауда сияқты жаһандануға қатысты мәселелерді көтеріп қана қоймайды. Еуропа азаматтары өздерімен түк қатысы жоқ, өздері ешқандай ықпал ете алмайтын шалғайдағы «Брюссельдің» ұлттық мемлекеттерінің егемендігіне қол сұғып жатқанына алаңдайды. Брекзит референдумының нәтижесінен көрінген мұндай көзқарас бүкіл Еуропа аумағында байқалады.

Бұл динамика Родриктің саяси трилеммасын қаншалық ушықтырып жіберетіні Каталониядағы жағдайдан анық байқалды, мұнда жергілікті демократия мен ұлттық мемлекет арасындағы шиеленіс жаһанданумен арадағы қақтығыстан да күрделі болып шықты. Әрине, каталондар жаһандану мен Еуроодаққа емес, Испанияның ұлттық мемлекетіне наразылық білдіріп отыр. Шотландия мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас туралы да осыны айтуға болады.

Осы тұрғыдан алғанда, жаһандануға қарсылық білдіріп, ұлттық мемлекетке қайта оралуды көздейтін президент Дональд Трамп бастаған АҚШ-тың саясаты бұдан да күрделі көрінеді, себебі ол бұрындары ұлтшылдықтың кесірінен болған экономикалық және саяси патологияның барлығын қайта қоздырады.

Онда неге жергілікті деңгейдегі демократия мен егемендікті нығайтуды көздейтін жаңа тәсіл ойлап таппасқа?

Көп елде қалалар инновация мен прогрестің ошағы саналады, оның агломерация әлеуеті, экономикалық ауқымы, оң өзгерістердің бастауы болуы мықты компанияларды өздеріне тартады. Азаматтар өз аймақтарының басшыларына жақын болады, өз қалаларын мақтан тұтады, дегенмен олардың бұл бірегейлік үшін мақтануы ұлтшылдық сияқты зиянды тұрпатта емес.

Ұлттық мемлекет билікті аймақтық, қалалық я аудандық үкіметтермен бөлісетіндіктен, трилемманың күші әлсірейді. Оның үстіне, ұлтқа қатыстылығын жоғалтпайтын, жаһандануды да ұмытпайтын, әлемге есігін ашқан қалалар егемендікті жоғалтпай-ақ гүлдене алады.

Бұл тәсілдің артықшылықтары өте көп. Дегенмен, мұның қауіп-қатері де жоқ емес. Метрополиялық аудандар елдегі капиталды, білікті мамандарды, инновациялық білімді өзіне тартып, соның кесірінен ауылдық жерлер экономикалық тұрғыда құлдырайды, онда жұмыс орындары азайып, ауруханалар мен мектептеп жабылады, инфрақұрылым нашарлайды. Бұрын байқағанымыздай, бұл тренд популист саясаткерлердің шектен тыс идеологияларға сүйеніп қарабайыр шешімдерді ұсынуына, мұның соңы ел ішін бүлдіруге, прогреске тосқауыл қоюға алып келеді.

Сондықтан, әу бастан бұл жүйеде артта қалғандарға көмектесетін жолдарды қарастыру өте маңызды. Осы жерде ұлттық мемлекет басты рөл ойнайды. Дегенмен, трилемма қайта орнықпау үшін тепе-теңдікті сақтау өте маңызды.

http://prosyn.org/MaA2vja/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now