kaletsky60_gopixaGettyImages_bullmarket gopixa/Getty Images

“Алтын шаш қыз” экономикасы

ЛОНДОН – Уолл-стриттің бұрын-соңды болмаған биікке жеткенін, АҚШ экономикасы келесі айда рекорд көрсетуге әзір тұрғанын ескерсек, өткен жылдың соңындағы қаржы нарығында тұнжырау бекер болып шығады. Рецессия үрейі толығымен сейілді, және қаңтардың басында осында көпшілік айтқан пікірмен келісіп, “нарықтар иррационал дүрбелеңді бастан кешірді” деген инвесторлар 1998 жылдың басынан бергі сәтті өрлеуге куә болды.

Өтіп кеткен соң саралап болса да, нарықтың жоғары-төмен қозғалысын түсіндіру оңай. Өткен жылы инвесторлар төрт бірдей тәуекелден қорқып тұрды: АҚШ-тың ақша-несие саясатын барған сайын агрессивті жүргізуі, АҚШ-Қытай сауда конфликтінің ушығуы, мұнай бағасының өсуі (барреліне 100 доллар не одан да жоғары бағаға оралу ықтималдығы) Италиядағы сайлаудан кейін құрылған бұрын-соңды болмаған солшыл-оңшыл коалицияның кесірінен күшейген еуроның кезекті дағдарысы. Дегенмен, жыл соңына қарай бұл тәуекелдің бәрі азайды: Федералдық резерв райынан қайтты, АҚШ-Қытай конфликті бітімге қарай беттеді, мұнай бағасы түсті ал Италия Еурокомиссиямен арадағы қаржылылық қақтығысты біршама бейбіт жолмен шешті.

Осы проблемалардың барлығы шешіле бастаған соң, қаңтардан бастап акциялар құнының өсуі түсінікті де заңды еді. Бұл секіріс нарықтың қарқынды өсуіне алып келе ме, әлде бұл тек уақытша құбылыс па, мәселе сонда. 

https://prosyn.org/9AN4VW3kk