Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

leonard46_ALEXEI DRUZHININAFPGetty Images_putinmacronpointing Alexei Druzhinin/AFP/Getty Images

Макронның Ресей бастамасына шолу

БЕРЛИН – Франция президенті Эммануэль Макрон - тарих доғасын өзгертуді қалайтын көшбасшылардың бірі. Француз саясатын төңкеріп, ол Еуропа Комиссиясы мен Еуропалық орталық банктің басшылығындағы өзінің таңдаулы үміткерлері үшін орындарды қамтамасыз етті, ал енді Еуропаның Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуға тырысады.

Француз шенеуніктері 1972 жылы АҚШ президенті Ричард Никсон Қытайды ашуымен Макронның ресейлік стратегиясын салыстыруда. Бірақ Макронның дипломатиялық бастамасы  Никсондікіне керісінше. Кеңес Одағын ұстау үшін Қытаймен игіленудің (көңілін табудың) орнына, Макрон Ресейдің Қытаймен жақындасуын болдырмау үшін "Ресеймен [Еуропа] қарым-қатынасын жеңілдетуді және анықтап алуды" қалайды. Осылайша, ол Еуропаға  өз болашағын бақылауды қамтамасыз ете алады деп үміттенеді.

Макрон он тоғызыншы ғасырда Парижді қайта құру бойынша Жорж-Эжен Османның қала құрылысы жобасын алға тарта отырып, орасан зор мәнерде қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын жасау бойынша өз жұмысын бастады. Оның алғашқы қадамы Биарритздағы Алып Жетіліктің (G7)  тамыз айындағы жиынының алдында Франциядағы Форте де Брегансонда Путинмен келіссөздер жүргізу болды. Бірақ бұл жоспарды жүзеге асыру тапсырылған Француз министрлері оның  басын аяғынан келтірді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/JqYjb3ekk;