pei47_BRYAN R. SMITHAFPGetty Images-trump on tv Bryan R. Smith/AFP/Getty Images

Жаңа қырғиқабақ соғыстың шығыны

ЛОНДОН – Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы ушығып бара жатқан геосаяси бәсекені “жаңа қырғиқабақ соғыс” деп атаған дұрыс шығар. Дегенмен бұл сипаттама жаңа бәсекенің АҚШ пен Совет одағы арасындағы қырғиқабақ соғыстан түбірімен өзге екенін дәлелдейтін айқын, бірақ әлі жұрт толық түсіне қоймаған шынайылықты көмескілемеуі керек.

ХХ ғасырдағы қырғиқабақ соғыс екі әскери альянсты бір-біріне қарсы қойды. Ал Қытай мен Америка арасындағы бақталастық өз араларында да, басқа әлеммен де өте тығыз интегацияланған экономикаларды қамтып отыр. Сондықтан осы күнгі қырғиқабақ соғыстың ең кескілескен ұрысы, айталық Оңтүстік Қытай теңізінде не Тайвань бұғазында емес, экономикалық майданда (сауда, технология және инвестиция) жүреді.

Американың кей стратегиялық ойшылдары осыны түсініп, қазір “АҚШ бұл қырғиқабақ соғыста жеңгісі келсе, Қытаймен коммерциялық байланыстарын үзіп, одақтастарын да осылай істеуге көндіруі керек” деп санайды. Бірақ, қазір жүріп жатқан екіжақты сауда соғысы мұны айту оңай болғанмен, жүзеге асыру қиын екенін дәлелдеді. АҚШ президенті Дональд Трамптың “оп-оңай жеңеміз” деген мәлімдемесіне қарамастан, АҚШ-тың сауда дефициті артып келе жатса да, бұл соғыстың шығыны көп болғаны сондай, Трамп қазір эскалацияның екінші кезеңі туралы ойлап жүрген сияқты.

https://prosyn.org/rEAeKDikk