Governor of the Bank of Japan Haruhiko Kuroda TOSHIFUMI KITAMURA/AFP/Getty Images

Жапония банкінің сын сағаты

ТОКИО – Жапония экономикасы жеті тоқсан қатарынан жақсы дамып келеді, мұнда орташа жылдық өсім шамамен 1,9 пайызды құрады. Жиынтық сұраныс өнім өндірісінен 1 пайыз жоғары болып тұрғандықтан, елдің ЖІӨ-сі қалыпты жағдайға келді деуге болады. Жұмыссыздық 1993 жылдан бергі ең төменгі деңгейіне жетіп 2,7 пайызға төмендесе, вакансия мен жұмыс орнына өтініш берудің арасындағы қатынас 1,56 болып, 1974 жылдан бергі ең жоғары деңгейіне шықты. Соның салдарынан құрылыс, сауда-саттық және зат жеткізу сияқты салаларда жұмыс күші жетіспейді. Осы қаңтарда Nikkei акцияларының орташа бағасы 24 мың иеннен асты (216 АҚШ доллары). Бұл – 1991 жылдан бергі ең жоғары баға.

Бұл индикаторлар Жапонияның жиырма жылға созылған стагнация мен дефляциядан, экономикалық тұрақсыздық кезеңінен шыққанын дәлелдейді. 0,6 пайыз деңгейіндегі инфляция Жапония банкі белгілеген меже – 2 пайыздан анағұрлым төмен. Жапония банкі инфляцияның төмен болу себебі энергия көздерінің арзандығынан деп келсе, қазір энергетика инфляцияға оң әсерін тигізіп жатыр. Баға индексінен балғын азық-түлікті алып тастасақ, инфляция 0,9 пайызға өседі, ал энергияны алып тастасақ, 0,3 пайызға төмендейді.

Еңбек күшінің тапшылығын ескерсек, Жапонияның неліктен жалақы-инфляция спиралін бастан кешірмей отырғаны түсініксіз. Әрине, АҚШ пен Еуропада да инфляция жоқ. Бірақ Жапонияның жағдайы тым ерекше.

To continue reading, please log in or enter your email address.

To continue reading, please log in or register now. After entering your email, you'll have access to two free articles every month. For unlimited access to Project Syndicate, subscribe now.

required

By proceeding, you are agreeing to our Terms and Conditions.

Log in

http://prosyn.org/Zb91v2D/kk;

Handpicked to read next

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.