Treasury Secretary Steven Mnuchin Bill Clark/Getty Images

Банктердің банкроттығы мәселесімен ойнауға болмайды

КЕМБРИДЖ – Келесі айда АҚШ Қазынашылық департаменті құрдымға кеткен мега-банктердің  мәселесін шешуге қатысты қолданылатын  2010 жылғы Додд-Франк актісінің орнына тек сотқа негізделген механизмді енгізбек. Бұл өзгеріс - ауқымы дағдарысқа пара-пар үлкен бір қателік болар еді.

Шынымен, банкроттық процесін оңайлату құрдымға кеткен банктің төңірегіндегі шу-шұрқанды азайтар еді, оның үстіне банкроттыққа байланысты судьялар – қайта құрылымдау ісі жөніндегі мамандар болып келеді. Бірақ мұнда көз жұмып қарауға болмайтын маңызды факторлар бар. Мега-банктерді қайта құрылымдау үшін алдын ала жоспарлау керек, банктің әлсіз және күшті жақтарынан хабардар болу қажет, оның үстіне экономикалық жағдай тұрақсыз болып тұрғанда банкроттықты қалай уақтылы жүзеге асыруды білу керек әрі шетелдік реттеушілермен әрекеттесе алатын мүмкіндік болуы қажет.  

Соттар бұл істі жалғыз өздері атқара алмайды. Әсіресе жаңа заң жобасында көрсетілгендей, демалыс күндеріндегі 48 сағат ішінде. Алдын ала жоспарлай алмағандықтан, соттар банктің жағдайын білмей тұрып, оны қайта құрылымдауға кіріседі. Оның үстіне, егер бір уақытта бірнеше мега-банк құрдымға кететін болса, онда соттар бүкіл экономиканы шарпитын ауқымды дағдарысты басқаруға қауқарсыз. Әрі олар істі шетелдік реттеушілермен үйлестіре алмайды.

https://prosyn.org/pKXQc1Hkk