harrington13_Chris McGrath_Getty Images Chris McGrath/Getty Images

Популистер барлаушыларға неге шүйлікті?

АТЛАНТА – Шектен тыс кекшілдігіне қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамптың Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Джон Бреннанды құпия ақпаратқа қол жеткізу құқынан айыруын оны кемсітіп, өш алу әрекеті деп қана қарасақ, қателесеміз. Расымен, Бреннан Трампты және оның іс-әрекетін, соның ішінде оның Ресеймен байланысын “ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер” деп атағаны рас. Дегенмен, Трамптың шешімі – жеке кек алу емес. Екі жыл бойғы барлау қауымдастығына жасап келе жатқан шабуылдардың ең соңғысы, Бреннанды “шапалақпен ұруы” – бұдан да басқа әрекеттердің басы сияқты, себебі ол барлау агенттіктерін өз бақылауына алуға тырысып жатыр.

Бұл Батыс елдеріндегі демократияларға “жұғып”, басқа популистер де Трамптың үлгісін қайталап жатыр. Еуропада түрлі оңшыл партиялар билікке келіп, ұзақ жылдар бойы бұлардың экстремистік саясатын бақылап, шектеп отырған үкіметтің қарсыластарына шүйлігіп келеді.

Австрияда популист басшылар елдің барлау қызметін кемсітіп, көгендеп, “тазалап” жатыр. Ақпан айында популист Ішкі істер министрінің пәрменімен Австрия полициясы оңшыл экстремистердің өздерін бақылауға тиіс барлау агенттігіне тінту жүргізген. (Австрия канцлері Себастьан Курц үкіметіндегі коалициялық әріптес – “Еркіндік” партиясын бұрынғы SS офицері құрғанын да айта кету керек).

https://prosyn.org/gfwPJuZkk