valinas1_YURI CORTEZAFP via Getty Images_venezuela faes Yuri Cortez/AFP via Getty Images

Венесуэладағы адам құқығы дағдарысы

НЬЮ-ЙОРК – 2019 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі бізге Венесуэладағы адам құқығын бұзу фактілері туралы зерттеу жүргізуді тапсырды. Баяндамада сотсыз жаза тағайындау, із-түссіз жоғалу, негізсіз бас бостандығынан айыру, азаптап қинау мен адам арын аяққа таптайтын өзге де қатігез әрекеттер қарастырылды. Аталған баяндамамыз өткен айда жарық көрген.

Біз жасаған қорытынды нақты: Венесуэла мемлекеттік қызметкерлері адам құқығын өрескел бұзған; адам құқығын бұзу фактілерінің кейбірі тұтас адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады. Баяндамада Президент Николас Мадуромен қатар, Қорғаныс және Ішкі істер министрлері адам құқығын бұзу фактілерін жүзеге асырушылар ретінде көрсетілген. Сондай-ақ, барлау, қауіпсіздік қызметі мен полиция басшылары да аталған іске жауаптылар санатында. Біздің қолымызда тергеу жұмысын одан әрі жүргізуді талап ететін, адам құқығын бұзу ісіне қатысы бар адамдардың тізімі бар.

Мадуро режимі бұл баяндаманы сынға алатыны белгілі еді. Венесуэладағы оқиғадан хабардар жүрген кез-келген адам елдің саяси поляризациясы туралы да біледі. Елдегі саяси жағдай Венесуэланың халықаралық аренадағы орнына әсер етпей қоймады: әлем елдерінің бірқатары Мадуро режиміне қарсы шықса, ал кейбірі керісінше оны қолдап отыр. Бізге мандат берілген уақыттан бастап Венесуэла мен оның жақтастары БҰҰ  Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен арамыздағы жұмысты  жасанды түрде қиындатуға тырысты.

https://prosyn.org/9TAmCMhkk