7

Трамптың ғаламдық күші

ГОНКОНГ – АҚШ президенттік сайлауында Дональд Трамптың күтпеген жеңісін түсіндіруге көп күш жұмсалған болатын. Бірақ, бәлкім, қарапайым түсіндіру ең дәл болып табылар: Трамп қарсыластарын ақымақтай алдады. Іс жүзінде жеңіске лайықты болған бұрынғы мемлекет хатшысы Хиллари Клинтоннан бастап, өз кандидатурасына қарсы болған республиканшылдармен қатар барлық адамдар АҚШ сайланған Президентін жете бағаламады. Әлемдік державалар, әсіресе Азиядағылар осындай қатені жасамауы қажет.

Сайлау науқаны барысында, Трамп Клинтонның қандай екенін  дәл білген: ақылды және тәжірибелі, бірақ оған өзінде бар айлакерлік және шоу жасаушылық жетіспейді. Сондықтан ол ақымақтық танытқандай, пайдасыз деген штаттарда сайлау науқанын жүргізді, ал Клинтон деректерге негізделген стратегиясы бойынша жүрді. Клинтонның тәсілі оған Трампқа қарағанда 2,7 миллионнан астам дауыс берді. Ал Трамп өз тәсілі арқылы президент орнын жеңіп алды.

Енді  билікке келуге дайындалып жүрген Трамп сол тәсілдердің көбісін қайта қолданып жүр, мысалы, баспасөз конференцияларға қарағанда митингілерге көп көңіл бөліп, Сирияда ушығып бара жатқан дағдарысқа назарын аударудың орнына Трамп «Сенбі түні Live» АҚШ комедия шоуында пікірлерін айтуда. Сонымен қатар, ол Филиппин Президенті Родриго Дутерте және Тайвань Президенті Цай Инвэнь қоңырауларын қабылдап,  АҚШ дипломатиясын мүлдем өзгертіп отыр. Трамп тағы да әлемді таңқалдырмай тұрып, біз оны түсінуді үйренуіміз керек.

Трамппен айналысатын кез келген адам оның тек аяусыз өз мүддесі үшін ғана жұмыс істейтін, Макиавелли ханзадасындай екенін білуі керек. Макиавелли айтуынша, «Ханзада жайында алғашқы пікірді жасау, және оның қандай адам екенін түсіну үшін айналасындағы бар адамдарды бақылау керек». Сондықтан, Трамп жоспарын анықтау үшін, біз оның тағайындаған адамдарынан бастауымыз керек.