pei49_GettyImages_worldmapUSChinaChess Getty Images

Трамптың Қытаймен сауда соғысы өркениеттер қақтығысы ма?

ВАШИНГТОН – Жақында Вашингтонда өткен қауіпсіздік форумында АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяси жоспарлау бөлімінің директоры Кирон Скиннер АҚШ пен Қытайдың арасындағы қазіргі конфликтіні “АҚШ ешқашан басынан кешірмеген мүлде бөлек өркениетпен әрі бөлек идеологиямен соғыс” деп сипаттады. Трамп әкімшілігінің Қытаймен текетіресіне тамырды басып көру ретінде берілген бұл анықтама сәтті шықпады.

АҚШ пен Қытай арасындағы біртіндеп ушығып жатқан қырғиқабақ соғысты өркениеттер қақтығысы деп атау арқылы (бұл пікірді кезінде Джордж Кеннен, Пол Нице, Ричард Хаасс, және Анн-Мари Слотер сияқты данышпандар қолдаған) Скиннер ерекше оригиналды да, нақты да бола алмады. Саясаттанушы Сэмюель Хантингтон бұл концепцияны 25 жылдай бұрын ұсынған, ал қазір Қытай Коммунистік партиясын идеологиялық тұрғыда тоқыраған ұйым деуге болады.

Ең жаманы, Скиннердің сөзінде нәсілдік емеурін көп болды. Американың Кеңес одағымен бәсекесін ол “Батыс әулетінің ішіндегі дүрдараздық” деп атаған, одан айырмашылығы – Қытаймен ерегісте біз “алғаш рет еурпеоид емес ірі державамен бәсекеге түсіп тұрмыз”. АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыста Жапониямен соғысқанын еске алмай-ақ қойыңыз.

https://prosyn.org/RgMiiRIkk