6

Трамптың уақытында доллар қандай жағдайға тап болады?

САНТА-БАРБАРА – Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан бері, капитал ағындары доллар құнын он жылдан астам көрген емес деңгейге дейін көтерді. Алғаш қарағанда, ол нарықтар сайланған Президентке жаппай сенім көрсетіп және Трамп АҚШ экономикасы мен доллар үшін жақсы әсер етеді деп көрінуі мүмкін.

Бірақ сыртқы келбет алдамшы болады. Қысқа мерзімдік айырбастау бағамы қозғалыстары валютаның негізгі күшін ешбір көрсетпейді. Ақшаның халықаралық деңгейде пайдалануындағы ұзақ мерзімді үрдістер, әсіресе шетелдік инвесторлар немесе орталық банктер үшін оның сақтау құралы ретіндегі маңыздылығы әлдеқайда көрнекті болады. Жай ғана алдағы бірнеше аптада емес ал алдағы жылдары тұрғысында, Трамптың сайлануы доллар үшін жаман болуы да мүмкін.

Chicago Pollution

Climate Change in the Trumpocene Age

Bo Lidegaard argues that the US president-elect’s ability to derail global progress toward a green economy is more limited than many believe.

Біріншіден, доллардың сайлаудан кейін тез өсуі, Трамп маңызды салықтық қысқартуларды қабылдап, құрып бара жатқан инфрақұрылым мен Американың «кедейленген» әскеріне шығыстарды арттыруға уәде еткенінен соң ғана орын алды. Бұл жақын мерзімді экономикалық өсуге ықпал етеді және сөзсіз пайыздық мөлшерлемелердің артуына серпін береді. Инвестициядан қайта пайда алуға қарны аш әлемде, Трамптың уәделері Уолл-стритке қаражаттарды тартып, доллар үшін сұранысты арттырды.

Шынымен де, дүниежүзі қолданған валютаны шығаратын ел, әдетте өзгелерге қатты әсер ете алады, және оның айқын экономикалық артықшылығы болады. Доллардың ең үстем халықаралық резервтік валюта ретіндегі мәртебесі Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстеннің Американың «шектен тыс артықшылықтары» ретінде белгілі сипаттамасына теңесті. Сондықтан, шетелдіктер долларға аш болған сайын, АҚШ жер шары бойынша күш-қуатын көрсету үшін қажетті кез келген соманы жұмсай алды; бұның барлығына төлеу үшін, АҚШ-қа жәй ғана баспа аппаратының күшін көбейту қажет болды.

Бірақ доллардың болашағы енді Трамптың «Америкаға шын мәнінде қайта ұлылықт�� қайтаруына» байланысты. Егер ол бұл жоспарды жүзеге асырса, она уақыт өте доллардың халықаралық тартымдылығы күшейе түседі. Бірақ, егер ол өзінің ксенофобия мен ұлтшылдыққа толы «Америка бірінші кезекте» протекционистік уәдесін алға қойса, онда бұл инвесторлар мен орталық банктерді бірте-бірте өздерінің қосалқы миллиардтарына баламалы резервтерді табуға талпындыруы мүмкін.

Өкінішке орай, соңғы сценарийдің орын алуы неғұрлым ықтимал болып көрінеді, ал Американың «шектен тыс артықшылықтарының» ары қарай жалғасуына күмән жеткілікті. Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда, АҚШ-тан тыс өткізілген долларлар міндеттемелер болып табылады, және бақылаушылар ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың өзінің өселең шетелдік қарыздардының «асылмасын» шексіз шешіп отыра алуына алаңдаушылық көрсеткен. Американың долларлық міндеттемелері, кез келген уақытта, егер үркек инвесторлар балама сақтау валютасын іздей отырып, қайтымсыз төмен спиральді қоздырса, өз дағдарысты шегіне жетуі мүмкін.

Популистік саясатын қуған, тәжірибесі аз президент мұндай спиральді қоздыруы мүмкін. Шынында да, қазірдің өзінде, Трамп АҚШ қарыздарының шарттарын оларды кредиторлардан шегеріммен қайта сатып алу арқылы қайта қарастыру туралы абайсызда сайлау науқаны кезінде айтып қалды. Бұл оның бизнесінің бірі қиындыққа жолыққанда жасайтын әдісі және бұлай ол ұлттық борышқа өз үлесін қосуы анық. Доллардан бас тартуға сүйрейтін бұдан жақсы мысал табылмас.

Сол сияқты, Трамп оның бюджеттік уәделерін де жүзеге асырады делік. Салық қысқартулары мен шығыстардың өсімі жақын арада экономикалық өсуді ынталандыруы мүмкін, бірақ олар  үкіметтің қарызын артыра отырып, Американың ұзақ мерзімде өз міндеттемелерін орындай алуына қосымша күмән көбейтеді.

Сондай-ақ, импорттық тарифтерді қолданып, сауда келісімдерінен бас тарту арқылы миллиондаған жоғары төлем алатын өндіру жұмыс орындарын қайта әкелем деген Трамптың уәдесін ұмытпайық. Шын мәнінде, протекционизм оның күн тәртібінде болса, онда біз капиталды басқару элементтерінің де онда бар деп болжауымызға болады. Американың сыртқы кредиторлар үшін Трамп стиліндегі меркантилизм-ақ шыдамдарын тауысатын ақырғы шек болуы мүмкін.

Бірақ бұлардың бірден-бірі ақырғы заман сценарийінің, мысалы долларды дереу басу немесе шетелдік кредиторлардың кенеттен қашуының орындалуын білдірмейді. Доллар өткен әкімшіліктердің өрескел саясатының қателерінен аман қалған және оның  жоғалып кетуі туралы қайталанған болжауларды сейілтіп отыр.

Доллардың бірегей, ұзақ тұрған халықаралық валюта мәртебесі арқасында, біз одан жаппай тез, кең ауқымды қашуды жоққа шығарсақ болады. Басқа ешқандай валюта әлі инвестициялық орта немесе резервтік актив ретінде долларға қарсы келе алмайды, сондай-ақ басқа да елдер теңдесі жоқ өтімділікті қамтамасыз ететін Американың өте тиімді қаржы нарықтарына тең келе алмайды. Сондықтан, доллар қазірше әлемдегі  ең қауіпсіз баспана болып қалады және ол, Трамп саясаты апатты болып шықса да, кенеттен, қатерлі бір соққыға дұшар болмайды.

Fake news or real views Learn More

Алайда, Американың қаржы қарсыластары өз валюталарын неғұрлым тартымды әрі қолжетімді қылып жасауға тырысқан сайын, доллар, ұзақ, баяу қан жоғалтуға салынуы мүмкін. Қытай, өз тарапынан, долларға сенімді балама ретінде юаньді құру ниетi туралы ешқандай жасырмайды. Уақыт өте, басқа валюта бәсекеге қабілетті болған сайын, доллар бірегей артықшылықтарынан арылып, Американың басымдылығы да жойылуы мүмкін.

Уақыт өте келе, Трамп төрағалығы долларға пайдасын тигізбес, себебі оның АҚШ экономикасына пайдасы да болмайды. Керісінше, Трамп сайлау алдындағы уәделерін орындауды көздесе, онда доллар әлемдік ақша иерархиясының шыңынан құлауы мүмкін, әсіресе баламаларының қатарының кеңеюі оны төмен қарай тартары анық.