Donald Trump and President Ronald Reagan meet at a 1985 White House reception Ronald Reagan Presidential Library

Дежавю Вуду

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі мен конгресстегі республикашыл партия өкілдері 2010 жылғы «Қолжетімді медициналық күтім туралы» заңды («Obamacare») «жойып және алмастыра» алмағандықтан, енді салық реформасына көшті. Қызметке келгеніне сегіз айдан асса да, әкімшілік ойындағы жобасының тек жалпы жоспарын ғана дайындаған. Бірақ осы мәліметтің өзі алаңдатушылықты тудыртуға әбден жеткілікті.

Салық саясаты елдің құндылықтарын көрсетіп, өзекті мәселелерін шешуге тиіс. Бүгінгі күні АҚШ және әлемнің көптеген елдері төрт орталық мәселеге тап болып тұр: табыс теңсіздіктерінің артуы, жұмыссыздықтың өсуі, климаттың өзгеруі және өнімділіктің әлсіз өсуі. Сонымен қатар, Америка өзінің ескіріп келе жатқан инфрақұрылымын қалпына келтіру мен бастапқы және орта білім беру жүйесін нығайту қажеттілігіне де тап болды.

Бірақ бұл қиындықтарға жауап ретінде Трамп және Республикашылдар ұсынған салықтық жоспар Американың миллионерлері мен миллиардерлеріне көптеген артықшылықтар беріп, ал салықтың негізгі ауыртпалығы түсетін орта таптың жағдайын одан да қиындата түседі. Теңсіздік бұрынан бері өткір мәселе болғанымен, республикашылдар ұсынған салық реформасын жүзеге асыру осы мәселені әлдеқайда асқындыра түсетін болады.

https://prosyn.org/itzKveOkk