Donald Trump and President Ronald Reagan meet at a 1985 White House reception Ronald Reagan Presidential Library

Дежавю Вуду

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі мен конгресстегі республикашыл партия өкілдері 2010 жылғы «Қолжетімді медициналық күтім туралы» заңды («Obamacare») «жойып және алмастыра» алмағандықтан, енді салық реформасына көшті. Қызметке келгеніне сегіз айдан асса да, әкімшілік ойындағы жобасының тек жалпы жоспарын ғана дайындаған. Бірақ осы мәліметтің өзі алаңдатушылықты тудыртуға әбден жеткілікті.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Салық саясаты елдің құндылықтарын көрсетіп, өзекті мәселелерін шешуге тиіс. Бүгінгі күні АҚШ және әлемнің көптеген елдері төрт орталық мәселеге тап болып тұр: табыс теңсіздіктерінің артуы, жұмыссыздықтың өсуі, климаттың өзгеруі және өнімділіктің әлсіз өсуі. Сонымен қатар, Америка өзінің ескіріп келе жатқан инфрақұрылымын қалпына келтіру мен бастапқы және орта білім беру жүйесін нығайту қажеттілігіне де тап болды.

Бірақ бұл қиындықтарға жауап ретінде Трамп және Республикашылдар ұсынған салықтық жоспар Американың миллионерлері мен миллиардерлеріне көптеген артықшылықтар беріп, ал салықтың негізгі ауыртпалығы түсетін орта таптың жағдайын одан да қиындата түседі. Теңсіздік бұрынан бері өткір мәселе болғанымен, республикашылдар ұсынған салық реформасын жүзеге асыру осы мәселені әлдеқайда асқындыра түсетін болады.

Корпорациялар мен бизнес басты бенефициарлардың қатарына кіреді, ал бұл экономиканы ынталандыруға көмектеседі деген пікірмен ақталған. Бірақ республикашылдар ынталандырудың маңызды екенін түсінуі керек: Америкада инвестиция жасайтын және жұмыс орындарын құратын компаниялар үшін салық мөлшерін азайта отырып, олай жасамайтындар үшін салықты арттыру әлдеқайда жақсы болар еді.

Негізі, Американың ірі корпорациялары ақшаға зар емес, олар бірнеше триллион долларды астарына басып отыр. Инвестицияның жетіспеушілігі салық салынбас бұрын немесе салықтан кейінгі пайданың төмен болғандығынан емес, себебі соңғы 30 жылда салық салынғаннан кейінгі корпоративтік табыстың ЖІӨ-нің үлесі ретінде шамамен үш есе өсті.

Шынында да, қарыздар есебінен қаржыландырылатын қосымша инвестициялар мен пайыз төлемдері салық шегерістеріндей қарастырылғандықтан, корпоративтік салық сәйкесінше капиталдың құнын және инвестициялардың табыстылығын төмендетеді. Осылайша, теория тұрғысынан, немесе нақты деректер бойынша, республикашылдар ұсынған корпоративтік табыс салығы инвестицияларды немесе жұмыспен қамтуды арттырады деп айтуға болмайды.

Республикашылдар сондай-ақ американдық корпорациялардың АҚШ-та тапқан табыстарына ғана салық салынатын аумақтық салық жүйесі туралы армандайды. Бірақ бұл түсімді ғана азайтып және американдық компанияларды өндірістерін  салықтары төмен юрисдикциясы бар елдерге көшіруге итермелейді. Корпоративтік салық салуды төмен тартатын бәсекелестікті АҚШ-та бизнеспен айналысатын кез-келген корпорацияға ең төменгі мөлшерлеме бойынша салық салу арқылы ғана тоқтатуға болады.

Америкадағы штаттар мен муниципалитеттер білім берумен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің үлкен бөліктеріне жауапты. Ал мемлекеттік табыс салығы субұлттық деңгейде алға басушылықты енгізудің ең жақсы тәсілі болып табылады: кіріс салығы жоқ штаттар әдетте кедейлер мен жұмыс істейтін адамдарға ауыр жүк жүктейтін регрессивті сатудан алынатын салықтарға сүйенеді. Осылайша, теңсіздіктерге немқұрайлы қарайтын плутократтарға толған Трамп әкімшілігі федералды салық салудан мемлекеттік кіріс салығының шегерілуін алып тастағысы келіп, мемлекеттің сатуға салынатын салыққа ауысуына ынталандыруы таңғаларлық емес.

АҚШ-та толып жатқан басқа да мәселелерді шешу үшін, федералды кірістердің көп болуы керек. Мысалы, өмір сүру деңгейінің өсуі технологиялық инновацияның нәтижесі болып табылады, ал бұл өз кезегінде негізгі зерттеулерге тығыз байланысты. Алайда, федералды үкімет тарапынан зерттеулерді қолдау ЖІӨ-нің пайыздық үлесі ретінде қазір 60 жыл бұрынғысы деңгеймен бірдей тұр.

Президенттікке үміткер ретінде Трамп АҚШ-тың мемлекеттік қарызының өсуін сынға алған еді, ал қазір ол келесі онжылдықта қарызға тағы триллиондарды қосатын салықтық қысқартуларды ұсынып отыр - себебі, қарыздың артуы көбірек салық түсімдеріне апаратын керемет экономикалық өсу арқасында орын алатын, республикашылдар үміттеніп отырған, «жәй ғана» 1,5 трлн. долларды құрамайды. Дегенмен, Рональд Рейганның «вуду» ұсынысқа негізделген экономикасынан алған негізгі өмір сабағы өзгермеді: мұндай салықтық жеңілдіктер тез экономикалық өсуге апармайды, керісінше, кірістерді төмендетеді.

Бұл мәселе, әсіресе қазір жұмыссыздық деңгейі 4% -дан асқан кезде аса маңызды болып тұр. Жиынтық сұраныстың кез-келген айтарлықтай өсуі пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне апаратын болады. Осылайша, экономиканың «экономикалық қоспасы» инвестициялардан ары ауысатын болады; және қазірдің өзінде әлсіз болған өсу, одан әрі баяулай түседі.

Баламалы құрылым болса, кірістерді көбейтіп, экономикалық дамуды ілгерілтер еді. Ол нақты корпоративтік салық реформасын қамтып, әлемдегі ірі компанияларға кейбір жағдайларда олардың табысының 5% -нан да төмен салықтарды төлеуге мүмкіндік беретін, шағын бизнеске қатысты әділетсіз артықшылықты беретін жағдайларды да азайтар еді. Ол ең төменгі салық мөлшерін белгілеп және капиталдың өсуі мен дивидендтердің ерекше режимін жойып, өте бай адамдарды тіпті болмаса да басқа азаматтармен бірдей табыс салығын төлеуге мәжбүр етеді. Және онда «жасыл» экономикаға көшуді жеделдету үшін көміртек салығын енгізуді де қарастырылған.

Салық саясатын экономиканы қалыптастыру үшін де пайдалануға болады. Инвестиция жасап, зерттеулер жүргізіп, жұмыс орындарын ашатындарға артықшылықтарды бере отырып, жерге салынатын жоғары салықтар мен жылжымайтын мүлікке қатысты алыпсатарлық капиталды өнімділікті арттыруға бағыттайды, ал бұл  ұзақ мерзімде өмір сүру сапасын жақсартудың кілті болып табылады.

Көпшілігі байлығын еселі кәсіпкерлік арқылы емес, мүлікті жалға беру қызметінен тапқан

плутократтардың әкімшілігі әрине өз пайдасын ойлайды. Бірақ республикашылдардың ұсынған салық реформасы, көпшілік күтпегендей, корпорациялар мен өте бай адамдарға үлкен бір сыйлық болды. Ол қажетті реформалардан бас тартып және елді үлкен қарыз астында қалдырып кетеді.  Ал инвестициялардың аздығы, өнімділік өсуінің тоқтауы және теңсіздік тәрізді оның салдарын жою үшін онжылдықтар қажет болады.

Трамп басқарған әкімшілік Вашингтондаға «батпақты құрғатамыз» деп уәде берген еді. Оның орнына, батпақ үлкейе де кеңейе түсті. Республикашылдардың ұсынған салық реформасы аясында бүкіл АҚШ экономикасы да онда батып кетуі мүмкін.

http://prosyn.org/itzKveO/kk;

Handpicked to read next

  1. An employee works at a chemical fiber weaving company VCG/Getty Images

    China in the Lead?

    For four decades, China has achieved unprecedented economic growth under a centralized, authoritarian political system, far outpacing growth in the Western liberal democracies. So, is Chinese President Xi Jinping right to double down on authoritarianism, and is the “China model” truly a viable rival to Western-style democratic capitalism?

  2. The assembly line at Ford Bill Pugliano/Getty Images

    Whither the Multilateral Trading System?

    The global economy today is dominated by three major players – China, the EU, and the US – with roughly equal trading volumes and limited incentive to fight for the rules-based global trading system. With cooperation unlikely, the world should prepare itself for the erosion of the World Trade Organization.

  3. Donald Trump Saul Loeb/Getty Images

    The Globalization of Our Discontent

    Globalization, which was supposed to benefit developed and developing countries alike, is now reviled almost everywhere, as the political backlash in Europe and the US has shown. The challenge is to minimize the risk that the backlash will intensify, and that starts by understanding – and avoiding – past mistakes.

  4. A general view of the Corn Market in the City of Manchester Christopher Furlong/Getty Images

    A Better British Story

    Despite all of the doom and gloom over the United Kingdom's impending withdrawal from the European Union, key manufacturing indicators are at their highest levels in four years, and the mood for investment may be improving. While parts of the UK are certainly weakening economically, others may finally be overcoming longstanding challenges.

  5. UK supermarket Waring Abbott/Getty Images

    The UK’s Multilateral Trade Future

    With Brexit looming, the UK has no choice but to redesign its future trading relationships. As a major producer of sophisticated components, its long-term trade strategy should focus on gaining deep and unfettered access to integrated cross-border supply chains – and that means adopting a multilateral approach.

  6. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now