Oberhausen germany Lukas Schulze/Stringer

Ғаламдық жылынумен күресудің консерваторлық жоспары

КЕМБРИДЖ - Мен жақында көмірқышқыл газының шығарылуын шектеу жоспарын ұсынған бірнеше бұрынғы аға лауазымды республикашыл тұлғаларының тобына қосылдым. Топтың ішінде бұрынғы республикашыл қазынашылық хатшылар Джеймс Бейкер, Генри Полсон, және Джордж Шульц бар, сонымен қатар Джордж Буш жанындағы экономикалық кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған менің Гарвардтағы әріптесім Грегори Мэнкью де бар. Мен де президент Рональд Рейган жанында сондай қызметті атқардым.

Мен бұл консервативтік қолдау деңгейін көрсету үшін қатысушылардың есімдерін ерекше атап өттім. Себебі бұл ұсыныс демократтар мұндай жоспарларды қолдап, ал республикашылдар, әдетте, CO2 шығарындыларын шектеуге жұмсалған мемлекеттік күш-жігерге қарсы шығатын уақытта жасалып тұр. Біз жоспарымыздың республикашылдардың қолдауы екі партия да қолдайтын заңнама үшін негіз болады деп үміттенеміз.

Жоспар CO2 барлық көздеріне салықтар салып, үйлестірген кірісті жан басына шаққандағы негізде барлық үй шаруашылықтарына өтеп беруге шақырады. Сарапшылардың ойынша, тоннасына 40 доллардан болған салық қолданыстағы жылыжай газдарын реттеудің барлық  шараларына қарағанда СО2 шығарылуын көбірек қысқартуға мүмкіндік береді. Біздің жоспар салық және дивидендтік жоспарын ұштастыра отырып, осы интрузивті реттеуді жоятын заңнаманы шығаруды ұсынады.

Біздің топ қазір орын алып жатқан және болашақтағы жаһандық жылыну туралы, сондай-ақ, бұл жылынуға ықпал ететін автокөліктердің СО2 шығарындылары, үй жылыту және басқа да адам қызметінің рөлінің дәрежесі туралы пікірталастардың бар екенін мойындайды. Бірақ біз CO2 шығарындыларының жаһандық температураның қауіпті өсуіне әкеледі деген тәуекел бар және оны азайту үшін іс-шаралар мен саяси шешімдер қабылдануы тиіс деп есептейміз.

Карбон салығы CO2 шығарындыларын шектеудің ең қарапайым және экономикалық тұрғыдан ең тиімді жолы болып табылады. Ол қолданыстағы ауқымды әдістерге қарағанда жақсырақ. Ол президент Барак Обаманың әкімшілігі ұсынған және Еуропада жасалып жатқан «cap and trade» (шығаруларға арналған квоталарды сату) әдісіне қарағанда қарапайым және сенімдірек де болып тұр.

Көміртек салығының стратегиясысы өте қарапайым: әрбір үй қожалығы және бизнестер олардың көлікті айдауда бензиннің немесе үйлер мен мекемелерді жылытуда жаққан мазут көлеміне байланысты CO2 шығарылуылары үшін салық төлейді.

Subscribe to PS Digital
PS_Digital_1333x1000_Intro-Offer1

Subscribe to PS Digital

Access every new PS commentary, our entire On Point suite of subscriber-exclusive content – including Longer Reads, Insider Interviews, Big Picture/Big Question, and Say More – and the full PS archive.

Subscribe Now

Көміртек салығы ол экономикаға енген жерінде шикізатқа салынған салық арқылы жанама түрде салынатын болады. Осылайша, мазутқа мұнай өңдеу зауытында,  ал көмірге ол  шахтадан шығатын жерінде салық салынады. Содан кейін бұл салық мөлшері шикізаттан жасалған өнімдер бағасының ішіне кіретін болады. Жеке және заңды тұлғалар әрбір мәміле бойынша салық төлеуге байланысты қолайсыздықтарға тап болмастан көміртек салығын төлей алатын болады.

Көміртек салығы өндірістерінде көміртегі пайдаланылатын барлық тауарлар мен қызметтердің бағасының көтерілуіне әкелетіндіктен, үй шаруашылықтары және бизнес СО2 шығарындыларының көлемін азайтуға апаратындай өз өндірістерін өзгертуге ынталандырылатын еді. Яғни, олар көлікті аз қолданып, үнемді отын технологияларын пайдаланып, энергия үнемудеуге қаражаттарын инвестициялай алады. Күн және жел энергиясы көміртек негізіндегі энергияға қарағанда мемлекеттік субсидиялар қажетінсіз  бәсекеге қабілетті болады.

Көміртек негізіндегі шикізаттың сан-алуан түрлері түрлі көлемде СО2 шығарады. Мысалы, электр энергиясын өндіру үшін көмірді пайдалану табиғи газды қолданғанмен салыстырғанда көбірек CO2 шығарады. Экономикаға ену нүктесіне байланысты көміртек салығы шикізат түріне қарай әр түрлі болуы керек. Техникалық сарапшылар АҚШ Конгресіне көміртек негізіндегі шикізаттың әрбір түрі үшін,  СО2 тоннасы үшін 40 доллар (немесе салықтың кез келген орта мөлшері бойынша) болатындай салық мөлшерін анықтап бере алады.

Көміртек салығын қабылдануында практикалық мәселе саясатпен байланысты болып тұр. Ешкімнің тағы да көбірек салық төлегісі келмейді. Сондықтан біздің жоспар көміртек салығын үй шаруашылықтары үшін «қолма-қол ақша дивидендімен» үйлестіруді ұсынады. Әрбір үй қожалығы әр ересек адамға бірдей «көміртегі дивидендін» алып, ал әр балаға оның жарты мөлшерін алып отыратын болады. Дивиденд үй шаруашылықтарының төлеген көміртек салық сомасына байланысты болмайды.

Осылайша, көміртек дивидендтері дұрыс ынталандыру жолдарын ұсынатын болады, себебі олар салық төлеушінің шығарындыларына пропорционалды бола тұра,  барлық үй шаруашылықтарының шамамен үштен екісіне көміртек салықтарын төлеуге жұмсалған қаражатқа қарағанда көбірек мөлшерде қолма-қол ақша алуға  мүмкіндік берер еді. Тоннасына 40 доллар болатын көміртегі салығы төрт адамнан тұратын үй қожалығына жылына 2 000 долларға тең дивидендті төлеп беруге жеткілікті табыс әкеледі.

Біз салық мөлшерінің жаһандық жылыну және оған СО2 шығарындыларының қатысы туралы  ағымдағы ғылыми дәлелдер аясында әрбір бес жыл сайын қайта қаралуын ұсынамыз. Салық мөлшерін көтеру керек болса, барлық қосымша салық табыстары үй шаруашылықтарына бірдей қайтарылып тұратын болады.

Көміртек салығы АҚШ экспорт құнының көтерілуіне апаратындықтан, біз олардың өнімдерінің бағасына кірістірілген көміртек салық сомасына тең экспорттаушыларға өтем қарастарылған заңнаманы ұсынамыз. Сол сияқты, біздің көміртек салығымыз балама көміртек салығы жоқ елден келетін импортқа да салынатын болады, алынған табыс, барлық үй шаруашылықтарына таратылады қаражаттың қорына қосылатын болады.

Осы жоспарды ақпан айының басында жариялағаннан соң маған идеяны қолдаған солшыл және оңшыл саяси көзқарастары бар жеке тұлғалардан көптеген хаттар келді. Демократтар СО2 шығарындыларын азайту және жаһандық жылынудың алдын алу жоспарын ұсынғаны үшін республикашылдарды қошеметтеп жатыр. Қолданыстағы экологиялық нормативтерді жоюмен қатар  жаһандық жылыну мәселесін тиімді қарастыратын идея республикашылдардың да көңілінен шығып жатыр.

АҚШ-та дәстүр бойынша демократтар СО2 шығарындыларын азайту заңнамасының негізгі адвокаттары болып табылады. Конгресс пен президенттікті қазір республикашылдар басқарып отырған уақытта екі партияның да қолдауын алатын жоспарды қабылдау керек.

https://prosyn.org/aYEFOc1kk