Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

kapparov1_RUSLAN PRYANIKOVAFPGetty Images_kazakhstan protest Ruslan Pryanikov/AFP/Getty Images

Қазақстанға қажетті реформалар

АЛМАТЫ – Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, наурыз айында президенттік қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур көшбасшысы Ли Куан Юді үлгі тұтушылардың бірі еді. Лидің көшбасшылығы Назарбаевқа саясатты либерализациялаудан бұрын экономиканы күшейту маңызды екенін көрсетті. Бірақ, бүгінде бұл тұжырымның кемшіліктері айқын көрініп отыр.

Назарбаевтың айтқанындай, “Орнықты экономикасыз орташа тап болмайды, ал орнықты экономика елдің құлдырауына жол бермейтін мықты, әрі парасатты көшбасшысыз өмір сүре алмайды.” Бірақ, оның үкіметі құрған экономика орнықты емес. Бұл бар болғаны 2014  жылы жалпы мемлекеттік бюджеттің 27 пайызын құраған мұнайдан түскен табыстың есебінен салықты төмен деңгейде ұстап, халықтың авторитаризмге деген келісімін тиімді түрде сатып алу ғана болатын.

Әлемдік мұнай бағасы 2014 жылы күрт төмендеп, 100 доллардан жоғары болған баррель құны 50 доллар шамасына дейін түскенде, Қазақстан тығырыққа тірелді. Ұлттық валюта - теңге АҚШ долларына шаққандағы құнының жартысын жоғалтып, таза табыс мұнай бағасы шарықтағанға дейінгі деңгейге түсті, жұмыссыздық, әсіресе, жастар арасында еселеп өсті.

Дегенмен, мәселелер тізбегі жалғыз экономикамен шектелмеді. Үдей түскен теңсіздікпен қатар, сыбайлас жемқорлықтың белең алуы да түңілдіре түсті. Transparency International ұйымының 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 180 мемлекеттің ішінен 124-орын алды. Сонымен қатар, үкімет негізгі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де қауқарсыз болып отыр: 2018 жылы шілденің шаңқай түсінде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Тен Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматы орталығында көлігінің терезесін ұрлауға тосқауыл боламын деп ұрылардың қолынан қаза тапты.

Осының бәрі ахалықтың, әсіресе,  жастардың эмиграция туралы ойлануына әкеліп, “ақыл-ой жылыстауы” мәселесін күшейте түсті. Бұл сондай-ақ әлеуметтік толқуды да қоздырды. Назарбаев осы қарсылықтың қарқынын бәсеңдету үшін де қызметтен кеткен болуы мүмкін. Алайда, наразылық одан әрі күшейді.

Назарбаев “көшбасшылардың жаңа ұрпағына” көмек көрсеткісі келетінін айтып келеді. Қызметтен кетуі расымен де көмектескендей болды: адамдар өзгерістің болатынына үміттене бастады. Алайда, бұл үміт ұзаққа бармады. Назарбаев ізбасарлыққа сенімді адамы Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырып, ол өз кезегінде алғашқы жарлығымен ел астанасы атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертіп, ұстазының мәнеріне салып кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Сайлау көптеген жасандылыққа жол берді. Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының мәлімдеуінше, 9 маусымдағы сайлауда “адам еркіндіктерінің негізі анық бұзылып, сыни пікір айтушыларға қысым жасалды.” Елдің ең үлкен екі қаласында адамдар сайлауға қарсылық ретінде көшеге шығып, 500-ге жуық адам қамауға алынды.

Subscribe now
ps subscription image no tote bag no discount

Subscribe now

Subscribe today and get unlimited access to OnPoint, the Big Picture, the PS archive of more than 14,000 commentaries, and our annual magazine, for less than $2 a week.

SUBSCRIBE

Шындығында, Назарбаев билікті өз қолында сақтап қалды: ықпалды саналатын Қауіпсіздік Кеңесінің өмірлік басшысы болып қана қоймай, өзіне кез келген сот қудалауынан босататын “Елбасы” деген жаңа мәртебе ойлап тапты. Жетпіс тоғыз жасқа толған Назарбаевтың өткен айдағы Астананың атауын “Нұр-Сұлтан” болып өзгеруіне арналған, ұлттық мереке ретінде тойланатын туған күнінде бір топ адам көшеге шығып, бұл жолы оның биліктен кетуін талап етті. Ондаған адам қамауға алынды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, сайлау кезіндегі және одан кейінгі қарсылық акцияларында 4000-нан астам адам қамалды. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасының  Орталық Азия бойынша бөлімі бейбіт шерушілердің, белсенділердің және журналистердің жанышталуын “аса өкінішті” деп бағалады.Тоқаевтың бұрын БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болғанын ескерсек, бұл сынның жүгі ауыр болуы тиіс.

Қалай болғанда да, қазақстандықтар күресуін тоқтатқан жоқ; әлеуметтік желі көмегімен ұйымдасып, краудфандинг арқылы қаржыланып отырған жергілікті қоғамдық қозғалыстар күшейіп келеді. Солардың бірі - маусымдағы сайлаудың дәл алдында пайда болған “Оян, Қазақстан” қозғалысы. Билікке жетуді көздейтін саяси партия еместігін айқындаған соң, қозғалыс тоғыз бөлімнен тұратын бағдарламасын ұсынды. Олардың қатарында: сайлау жүйесін реформалау, парламенттік басқару жүйесіне өту, саяси қудалауды тоқтату және адам құқықтарын қорғау болды.

Сол арада ұзаққа созылған саяси тұрақсыздық пен қаржылық активтердің жаппай елден шығарылуы секілді – экономикадан да маңызды – факторлар теңге құнын төмендетіп, 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жеткізді. Бұл экономиканың әрдайым саясаттан алда бола бермейтінін білдірді. Назарбаев пен Лидің логикасына қайшы бұл шынайылықты Тоқаев сөз жүзінде мойындағанымен, іс жүзінде – нақты саяси реформалар арқылы әлі растай қойған жоқ.

Бірақ, бұл Қазақстанның жағдайын экономикалық шешімдер арқылы жақсартуға болмайды дегенді білдірмейді. Теңсіздік пен жұмыссыздықтың ауқымын қысқа мерзімде кішірейту үшін үш экономикалық реформа қажет деп ойлаймын.

Ең әуелі, микро және шағын бизнестің дамуын үдету үшін салық жүйесін өзгерту қажет. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына әкеледі. Екіншіден, аз дамыған орта бизнестің өсімін ынталандыру үшін мемлекеттік сатып алуларда оларға басымдық берілуі тиіс. Үшіншіден, салықтан түскен қаражат орталықсызданып, корпоративтік салықтың біршама бөлігі жергілікті биліктің қолында болуы керек. Осылайша, олар жергілікті бизнес алдында өз жауапкершіліктерін  арттырады.

Дегенмен, Қазақстан халқының көңілінен шығу және сол арқылы саясатты тұрақтандыру басымдыққа ие болғаны абзал. Бұл сыбайлас жемқорлықты тамырымен жойып, құқықтық тәртіпті күшейтетін сенімді, әрі үйлесімді қадамдардың қажеттілігін білдіреді. Алматы марафонындағы баннерде жазылғандай, билікті қолынан жібере қоймаған Назарбаев пен оның ізбасары Тоқаев “шындықтан қашып құтыла алмайды.”

https://prosyn.org/QHfolwukk;
  1. haass107_JUNG YEON-JEAFP via Getty Images_northkoreanuclearmissile Jung Yeon-Je/AFP via Getty Images

    The Coming Nuclear Crises

    Richard N. Haass

    We are entering a new and dangerous period in which nuclear competition or even use of nuclear weapons could again become the greatest threat to global stability. Less certain is whether today’s leaders are up to meeting this emerging challenge.

    0