Japanese Prime Minister Shinzo Abe answers questions during a short press interview Kazuhiro Nogi/Getty Images

Жалған ақпарат пен біржақты ақпараттың қайсысы қауіптірек?

ТОКИО – Сұхбат алудың қулығы көп. Арсыздау журналист нақты бір жауап не пікір алғысы келсе, айтқан кісінің сөзін редакциялап, құбылтып, тіпті қайта жаза алады. Сондықтан ақпарат құралдарының «мен айтты» деген сөздерін шұқшия тексеремін. Десе де, телевидение мен радиоға берген сұхбатты бұлайша өзгерту қиын болар деп топшылайтынмын. Қателесіппін.

Жақында либералдық ұстанымы бар деп саналатын жапондық газетке қарасты телебағдарламаның өкілі премьер-министр Синдзо Абэнің «Абэномика» деп аталып кеткен экономикалық реформалар стратегиясы туралы сұхбат беруімді өтінді. Мөлшері бір сағат шамасында сұхбат бердім. Келісім бойынша, студияда болып жатқан пікірталастың арасында менің пікірлерімді беріп отыратын болды.

Бірақ нәтижесі мен күткендегідей болмады. Пікірталасқа қатысушылардың абэномиканың соңғы жетістіктерін жоққа шығарғанына, «ақша-несие саясаты экономиканы дамыта алмайды, оның орына ол керісінше гиперинфляцияға әкелуі мүмкін» деген ақылға сыйымсыз пікірлеріне онша таңырқай қоймадым. АҚШ пен Еуропаның, Жапонияның ақша-несие саясатының арқасында инфляцияны ауыздықтап, көп нәтижеге жетіп жатқанына қарамастан, мұндай сыңаржақ пікірлердің бар екенін білемін.

https://prosyn.org/3bm3FWmkk