Japanese Prime Minister Shinzo Abe answers questions during a short press interview Kazuhiro Nogi/Getty Images

Жалған ақпарат пен біржақты ақпараттың қайсысы қауіптірек?

ТОКИО – Сұхбат алудың қулығы көп. Арсыздау журналист нақты бір жауап не пікір алғысы келсе, айтқан кісінің сөзін редакциялап, құбылтып, тіпті қайта жаза алады. Сондықтан ақпарат құралдарының «мен айтты» деген сөздерін шұқшия тексеремін. Десе де, телевидение мен радиоға берген сұхбатты бұлайша өзгерту қиын болар деп топшылайтынмын. Қателесіппін.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Жақында либералдық ұстанымы бар деп саналатын жапондық газетке қарасты телебағдарламаның өкілі премьер-министр Синдзо Абэнің «Абэномика» деп аталып кеткен экономикалық реформалар стратегиясы туралы сұхбат беруімді өтінді. Мөлшері бір сағат шамасында сұхбат бердім. Келісім бойынша, студияда болып жатқан пікірталастың арасында менің пікірлерімді беріп отыратын болды.

Бірақ нәтижесі мен күткендегідей болмады. Пікірталасқа қатысушылардың абэномиканың соңғы жетістіктерін жоққа шығарғанына, «ақша-несие саясаты экономиканы дамыта алмайды, оның орына ол керісінше гиперинфляцияға әкелуі мүмкін» деген ақылға сыйымсыз пікірлеріне онша таңырқай қоймадым. АҚШ пен Еуропаның, Жапонияның ақша-несие саясатының арқасында инфляцияны ауыздықтап, көп нәтижеге жетіп жатқанына қарамастан, мұндай сыңаржақ пікірлердің бар екенін білемін.

Бірақ, олар менің сөздерімді әбден бұрмалапты. Сұхбатта мен абэномиканың жетістіктеріне назар аударғанмын. Және «Абэ үкіметі саяси қиындықтарға тап болған күннің өзінде еңбек нарығын күшейтіп, бизнестің табысын ұлғайтады» деген пікір айтқанмын. Бағдарламада абэномиканың үлкен жетістіктері туралы пікірімді алып тастап, Абэ үкіметінің басында болуы мүмкін саяси проблемалар туралы айтқан екі минуттық сөзімді ғана берді.

Соңғы жылдары әлеуметтік желілер не басқа да онлайн платформалар арқылы таратылатын заңға қайшы дезинформация – «жалған ақпаратқа» өте көп көңіл бөліп жүрміз. Ал менің басымнан өткен жағдай басқа бір мәселеге назар аудартады. Кісінің сөзін мақсатты түрде әдейі редакциялап, журналистің, редактордың не хабар таратушының көзқарасын тықпалайтын «біржақты ақпарат» үрдісі көбейіп барады.

Тіпті дәстүрлі ақпарат құралдары да тарататын мұндай репортаждар тек саясаткерлерге ғана кесірін тигізбейді. Әрине, С.Абэның саяси тағдыры «сыңаржақ журналистиканың» қолында тұрғаны да рас.

Мәселен, бұдан бірнеше ай бұрын премьер-министр Синдзо Абэ Токионың Акихабара деген ауданында халық алдында сөйлеп тұрған. Бірнеше адам оның сөзін бөлгісі келіп, ысқырып, айқайлай берді. Бұған шыдамаған Абэ «Мен сіздер сияқты аттандап отыратын тобырға сөйлеп тұрған жоқпын» деп шамданды. Келесі күні оның осы сөзі кең тарап кетті, ал тәртіпсіз кісілердің әрекеттері туралы ешкім жақ ашпады. Соның кесірінен оқырмандарда «премьер-министр еш ұялмастан жапон азаматтарына айқайлап тұр» деген пікір қалыптасты.

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Кихей Маекаваның «Абэ өз досының мүддесі үшін университетте ветеринарлық бөлім ашу мәселесі бойынша шешім қабылдау процесіне ықпал етті» деген мәлімдемесі бойынша Жапония парламентінде өткен тыңдауда айтылған сөздерді де ақпарат құралдары біржақты етіп берді. Бұл айыпты тек Абэның өзі ғана жоққа шығарған жоқ. Онымен бірге Осака университетінің бұрынғы басшысы Тацуо Хатта да, Ехиме префектурасының губернаторы Мориуки Като да процестің әділ әрі заң шеңберінде өткенін айтқан.

Біраз ақпарат құралы, соның ішінде алдыңғы қатарлы газеттер – «Асахи» мен «Майничи» осы дау-дамай туралы ақпарат берді. Дегенмен, олар Хатта мен Катоның айтқан сөздерін келтірмей, оның орнына Маекаваның айып тағып сөйлеген сөзіне көп орын бөлді.

Мұндай біржақты репортаждар сайлаушыларды саясаткерге қарсы қояды. Жапонияның бағына орай, сайлаушылар алданған жоқ. Синдзо Абэ қазанның 22-сінде болған жалпыхалықтық сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жетіп, биліктегі коалициясына қайтадан үкімет тізгінін ұстатты.

Ал, Америка Құрама Штаттарында, әсіресе әлеуметтік желідегі біржақты ақпарат сайлаушыларға өте үлкен ықпал етіп, елді бұрын болмаған деңгейде саяси тұрғыдан бөлшектеп жатқан сыңайлы. Бұл әсіресе президенттің әрекеттерінен анық көрінеді. Өз әкімшілігінің жұмысын дұрыс көрсетпегені үшін Дональд Трамп ақпарат құралдарын бірнеше рет сынады (бірақ оның сыны көбіне-көп орынсыз болды).

Өзі де проблемалық жаңалықты көп тарататын Трампты сыңаржақ медианың бейкүнә құрбаны дей алмаймыз. Дегенмен, АҚШ-тың қазіргі саяси ахуалына көз жүгіртсек, барлық сайлаушыларға ел ішінде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы жан-жақты әрі объективті ақпарат беру қажет. Сонда ғана олар нағыз демократиялық жүйенің талаптарына сәйкес, өздерінің болашағы туралы салмақты шешім қабылдай алатын мүмкіндікке ие болады.

http://prosyn.org/3bm3FWm/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now