16

Еуропаның драмалық оралуы

ЛОНДОН – Голландықтар Атлант мұхитытындағы судың қайратты көтерілуі мен дауылдарды ұстап тұра алатын бөгеттерді жасау арқылы әйгілі болды. Қазір олар қайта солайынан былтырғы Брексит референдумы және Америка Құрама Штаттарында Дональд Трамптың жеңісінен кейін Еуропаға қауіп төндіретіндей көрінген популистік саясат толқынын ұстап тұр ма?

15 наурызда Нидерландыдағы сайлауда Вилдерс Герттың “Бостандық партиясының” күтпеген әлсіз көрсеткіштері осы ойды дәлелдегендей. Вилдерс сайлауда 25 пайыз дауыс жинайды деген танымал болжамдарға қарамастан, оның партиясы тек 13 пайызды ғана жинады. Францияның алдағы президенттік сайлауына қатысатын сайлаушылар ксенофобия және протекционизмге сезімшілдігі жағынан американдықтар мен британдықтарға қарағанда голландықтарға жақын болса, олардың шешімдерінің жаһандық капитализм идеологиясы, саясаты мен экономикасы үшін жаһандық салдары болады.

Континенттік Еуропадағы орталыққа қарай қайта оралу, АҚШ пен Ұлыбританиядағы популистік және жаһандануға қарсы қозғалыстардың күтпеген жеңісі, қаржы дағдарысынан соң туындаған жұмыссыздық пен көңіл қалдырарлық экономикалық көрсеткіштер, бұқаралық көші-қон, немесе исламдық терроризмден төнген қауіп-қатерден туындаған жоқ деп болжауға болар еді. Бұл тұжырымға дәлел ретінде, Францияның АҚШ немесе Ұлыбританияға қарағанда әлдеқайда жоғары дәрежеде жұмыссыздық пен дағдарыстан кейінгі рецессиядан зардап шеккен, сондай-ақ лаңкестік және ислам активизміне байланысты көп проблемаларды бастан  кешкені бола алады.

Егер күзде неміс сайлаушылары француз және голландықтар тәрізді саяси орталыққа қарай кері қайтса, иммиграция популизмнің түбір себебі ретінде жойылатын болады. Өйткені, Германия, Ұлыбритания немесе АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда көбірек басқа елден келушілерді қабылдаған болатын. Керісінше, популизм англо-саксон құбылысындай көрініп, ол иммиграция және экономикалық саясатқа қарағанда Трамп және Брексит сайлаушыларының консервативті мәдени құндылықтарына байланысты орын алатыны байқалып, және оған АҚШ пен Ұлыбританияда сайлаушыларын жас пен кәрі, қала тұрғыны және ауылдан келген, жоғары білімі бар немесе білімі аз деп бір-біріне қарсы қоятын ерекше демографиялық альянстардың да әсері кем болмайды.

Орталық Еуропада болса, оның экономикалық салдары да болашақта зор болады. Еуропалық Одақ АҚШ-қа қарағанда экономикасы дамып келе жатқан елдердің маңыздырақ сауда әріптесі болып табылады. Және еуро халықаралық валюта ретінде долларға сәйкес жалғыз нақты балама болып табылады. Сондықтан ЕО-ның жалғасын тапқан ашық сауда философиясы, жаһандану, және көміртегі шығыстарын азайтуға бағытталған ұстанымы Трамптың жеңісінен кейін сөзсіз дерлік көрінген протекционизм және климаттың өзгеруін мойындамауға қарай парадигманың ығысуының алдын алу үшін жеткілікті болуы мүмкін.

Жаһандық көшбасшылықта осындай зор өзгеріс Еуропаның экономикалық көрсеткіштерінің күрт жетілдірудін талап етеді. Бақытымызға орай, сайлаушылар Франция мен Германияда популистік саясаткерлерді қабылдамаса бұл нәтижеге әбден қол жеткізуге болады. Неміс үкіметі АҚШ-ты 2010 жылы рецессиядан шығарған тәрізді монетарлық және фискалдық ынталандыру түріне вето қойғандықтан, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері ЕО ұзақ экономикалық құлдыраудан зардап шекті.  АҚШ-та орын алған  сандық жұмсартуға салған Германияның ветосы, сондай-ақ 2012 жылы бір валютаның жойылып кетуіне дейін апарған.

Бірақ еуропалық саясат және экономикалық жағдайындағы күрт өзгеріс 2015 жылы наурыз айында Еуропалық Орталық Банк кешігіп, Америкадағыға ұқсас, бірақ үлкен ауқымда облигацияларды сатып алу бағдарламасын іске қосқанда орын алған. Еуроаймақта шығарылған облигациялардың үш есеге дерлік жалпы таза санын сатып алу арқылы, ЕОБ еуроаймақ ережелерін айналып өтті және Еуропаның мемлекеттік тапшылығын ақшаға айналдырды, сондай-ақ Германия сияқты күшті экономикасы бар елдер мен Италия және Испания сияқты әлсіз елдер арасындағы өзара қолдау жүйесін құра бастады.

ЕОБ-нің жылдам қабылданған іс-шаралары тез арада Еуропалық банк жүйесін қайта қалпына келтірді және еуроның жоғалып кету қатерінен құтқарды. Дереу нәтиже ретінде бизнес және тұтынушылар арасындағы сенімнің өрлеуі болды.

Өткен жазда, Еуропаның көп бөлігі қайта қалпына келіп жатқанда, сол кезде ыдырау қаупі қайта оралды, осы жолы ол қаржыландырудан емес, саясаттан туындап, кенеттен экономикалық жағдайларды жақсартуды басып кетті. Брексит және Трамп оқиғалары, Еуропа алда келе жатқан голландтық, француз және неміс сайлауларында популизмімнің аяғына құлап түсетін келесі домино бөлшегі болатындай болжамды тудырды.

Әрине, бұлай болу да мүмкін, сондықтан халықаралық инвесторлар Еуропа жайында сақ болып тұр. Бірақ егер, инвесторларды алаңдатқан популистік жеңістер шын мәнінде орын алмаса, іскерлік және тұтынушылық сенім Еуроаймаққа асқын инвестиция құяды.

Басты күн мамыр айының 7-сі орын алатын Франциядағы сайлаудың соңғы раунды болмақ. Алда келе жатқан орталықшыл Эммануэль Макрон жеңіске жетсе, Франция кем дегенде экономикалық реформалардың азырақ санына апаратын жолға шығады.

Бұл, өз кезегінде, Франция мен Германия арасындағы әлдеқайда тығызырақ қарым-қатынасқа апарады. Неміс канцлерінің орнына негізгі үміткерлердің екеуі де франко-неміс осін нығайту арқылы Брекситтен кейінгі Еуропаны қалпына келтіру үшін жұмыс жасауға дайын - және француз реформалар процесінің бастауы неміс сайлаушыларын олардың мемлекеті ЕО қатаңдығын жұмсарта отырып, жай ғана бітпес тұңғиыққа ақша құя бермейді деп сендіреді.

Егер орталықшыл күштер жеңіске жетіп, Еуропадағы экономиканың қалпына келуі биылғы жылы тездетілсе, бұның идеологиялық тұрғыдан салдары болуы мүмкін. Әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі дереу кезде Еуропалық капитализмнің «әлеуметтік нарықтық» моделі жаһандық үстемдікке 30 жыл ие болғаннан кейін сынған Тэтчер-Рейган нарықтық фундаментализмнің логикалық баламасы сияқты көрінді. Шынында да, АҚШ Президенті Барак Обама елін макроэкономикалық басқару, қаржылық реттеу, экологиялық саясат, және денсаулық сақтау саласындағы үлкенірек мемлекеттік белсенділік бағытында талпындырды.

Ғажабы, Еуропа қарсы бағытта жүре кетті. Неміс қысымымен, ЕО монетаризмнің соңғы бастионы болып, қатаң бюджеттік және қаржы нарықтарын «жөнге салушының» рөлін ойнады; ал нәтижесінде, 2010-2012 жылдардағы еуро дағдарысы болды.

Биылғы сайлау орталықшыл француз президенті мен Франко-герман ынтымақтастығының жаңғыртуына апарса, Еуропа Одағының күтпеген жерде пайда болған нарықтық фундаментализмге деген қызығушылығы, бәлкім, аяқталар. Еуропада Трамп басқармасы кезіндегі АҚШ жағдайына қарағанда жақсырақ, неғұрлым тұрақты және әлеуметтік инклюзивті экономикалық қалпына келтіру болады. Егер бұл орын алса, әлемнің басқа да елдері ЕО-ны қайтадан шабыт берер үлгі ретінде көре бастауы мүмкін.