people reading the newspaper on the subway Darrin Klimek/Getty Images

Журналистика қайтып оралды

ОКСФОРД – Жылдар бойы дімкәс болып жатқан ақпарат индустриясы аздап бас көтере бастады. Цифрлық медиа тұтынуды жан-жақты зерттеген Digital News Report 2018 нәтижесіне қарағанда, ақпаратқа жазылу көлемі жоғарылап, тұтынушының сенімі тұрақтай бастаған. Соңғы кездері көп құқайға ұшыраған, сенімге негізделген сала үшін бұл аздап бас көтерудің өзі – үлкен жеңіс.

Ашығын айтсақ, әлемдік БАҚ-тың халі әлі де ауыр. “Рейтер” журналистиканы зерттеу институтының есебіне қарасақ, ақпарат тұтынушылардың тек 44 пайызы ғана дәстүрлі медианың жариялағандарына сенеді екен. Дегемен, бұл – былтырғы көрсеткіштен бір пайыз жоғары көрсеткіш, демек, бұл салаға сенім дефициті ұлғаюын тоқтатты деуге негіз бар.

Басқа зерттеулер тіпті оптимизм оятады. Мәселен, жыл сайынғы Edelman Trust Barometer көрсеткішіне қарасақ, журналистикаға сенім артып келеді, дәстүрлі және онлайн журналистикаға деген сенім деңгейі жеті жылдағы ең жоғары шамаға жеткен. Бұл “журналистиканың дәурені қайта туды” деген ойды бекіте түседі. БАҚ басшыларына жеңіс тойын тойлау әлі ертерек, дегенмен соңғы жылдары біраз беделінен айырылған сала үшін бұл – үміт күттірер белгі. Саяси көзқарастардың алшақтауы кесірінен оқырмандар өз ұстанымын қолдамайтын ақпарат құралдарына күмәнмен қарай бастады, ал ақпарат тарату саласында бюджетті қысқарту журналистиканың сапасын құлдыратып жіберді. Дегенмен, жаңа мәліметтер көрсеткеніндей, журналистер бұл қиындықтардан шығудың жолын тапқан сыңайлы.

https://prosyn.org/8s7Qwu9kk