the league supporters italy Emanuele Cremaschi/Getty Images

Зейнеткерлер популизмінің болашағы бар ма?

МИЛАН – Батыс демократияларының көбінде соңғы жылдары қанат жайған оңшыл популизм саяси ландшафтағы әлдеқайда күрделі мәселе тәрізді. Популистік партияларға жол ашып берген үлкен рецессия мен миграция дағдарысынан бөлек, Батыс халқының қартаюы да саяси билік динамикасын популистердің қалауына қарай бұрып отыратын сияқты.

Жасы үлкен сайлаушылар ұлтшыл қозғалыстарды көбірек қолдайтын болып шықты. Қартаң британдықтардың көбі Еуропа одағынан шығуды қолдап дауыс берді, ал егде америкалықтардың басым бөлігі АҚШ президенттігіне Дональд Трампты сайлады. Қариялардан қызу қолдау болмағанда Польшадағы «Құқық және әділет» (PiS) партиясы да, Венгриядағы Fidesz те билікке келмеген болар еді. Италияда да «Лига» партиясы Солтүстік Италиядағы қарттардың наразылығының арқасында жеңіске жетті. Қазіргі популистердің арасында Франциядағы Марин Ле Пеннің «Ұлттық шеруі» (бұрынғы «Ұлттық майдан») мен Бразилиядағы Жаир Болсонару ғана жас сайлаушыларға арқа сүйейтін сияқты.

Келесі көктемде жас негізінде дауыс берудің осы ерекшелігі Еуропа парламенті сайлауының нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Соңғы зерттеулерге қарағанда, егде еуропалықтар, соның ішінде әсіресе жоғары білімі жоқтар, біртұтас Еуропа жобасына жастарға қарағанда көбірек күдіктеніп, Еуропа парламентіне сенімсіздікпен қарайды екен.

https://prosyn.org/9WucpGhkk