subramanian24_ Spencer PlattGetty Images_woman child poverty Spencer Platt/Getty Images

Дамушы елдер және қолжетімсіз ғылым

НЬЮ-ДЕЛИ – Саяси, қаржылық және мәдени билікте маргинал топ өкілдерінің болмауы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызып отыр. Білім күш береді, сондықтан оның артында кім тұрғаны маңызды. Бұл туралы Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Пауль Самюэльсонның «Елдегі оқулықтарды өзім жазатын болсам, заңдарды кім жазатынында шаруам жоқ» деген танымал сөзі бар.

Даму экономикасы табысы төмен елдердегі миллиардтаған халықтың жағдайын жақсартуды көздейді. Бірақ аталған ғылым саласында ғаламдық оңтүстік елдерінен шыққан азаматтар жоқтың-қасы. Өкінішке қарай, бай мемлекеттердегі бірнеше институт даму экономикасы саласын өзіне меншіктеп алған. Мұның салдары үлкен және кейінгі кезде бұл мәселенің ушығып бара жатқаны байқалады.

Мысалы, аталған саладағы ғылыми мақалалар жарияланатын «Даму экономикасы» журналын (Journal of Development Economics) алайық. Бас редактор мен он шақты редактордың ешқайсысы дамушы елде тұрмайды. Редактордың көмекшісі болып істейтін 69 адамның екеуі ғана дамушы мемлекеттің азаматы. Журнал ұжымында Африка мен Азияның өкілдері мүлде жоқ.

https://prosyn.org/cx3ZFBskk