Trump in Japan Kiyoshi Ota/Getty Images

Трамптың Азиядағы тарихи мүмкіндігі

ВАШИНГТОН – Сайланғанына бір жыл болғанда АҚШ президенті Дональд Трамп Азияға алғашқы сапарына шықпақ. Ресми ақпаратқа сенсек, президент болғалы бергі ең ұзаққа созылатын 12 күндік сапарында ол АҚШ пен оның басшысының сенімділігіне деген күмәнді сейілтуді көздейді. Азияның АҚШ-қа төндіріп отырған қиындықтары мен мүмкіндіктерін ескерер болсақ, бұл – аса бір амбициялық мақсат емес.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

АҚШ президенті сапарын Американың Жапониямен және Оңтүстік Кореямен арадағы одағын қайта нығайтудан бастамақ. Әсіресе сайлау науқаны кезінде Трамп бұл елдерді көп кемсіткен еді. Ал Пекинге барғанда ол Қытайды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсынысын қолдауға көндіріп көрмек.

Бұдан соң Трамп Вьетнам мен Филиппинге табан тіремейді. Бұл елдермен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы АҚШ Қытайдың Оңтүстік-шығыс Азиядағы ықпалын тежеп отырады. Барак Обама әкімшілігі бұл аймаққа ықпал үшін Қытаймен арадағы күресте ала-құла нәтиже көрсетті. Трамп әкімшілігінің өкілдері соңғы кездері «АҚШ жалпы Үнді-Тынық мұхит аймағына арнап жаңа стратегия қабылдайды» дегенді де меңзеп келеді.  

Сыртқы саясатпен қоса Азияға сапары барысында Трамп біраз экономикалық мақсаттарын орындауды да көздеп отыр. Қытайға баратын делегация құрамында Коммерция хатшысы Уилбрус Роспен қоса америкалық корпорациялар басшыларынан тұратын үлкен топ бар. Олар жаңа уағдалар жасасып, ашық нарықты насихаттауға, екіжақты саудаға кедергі болатынын мәселелерді шешуге бара жатыр. Ал Қытай басшылары болса жаңа келісімдер туралы жариялап, Қытай нарығының шетелдіктер үшін жабық тұрған кей бөліктерін ашуды ойластыратындарын айтып жатыр.

Әзірге бәрі жақсы сияқты. Бірақ...

Аймақтағы ресми адамдармен сөйлескеннен соң Америка одақтастары мен достарына алдын ала күн тәртібінің бермегенін білдік. Әдетте жаңа бір маңызды саясатты қолға алардың алдында ұсыныс беруші тарап бұған негіз қалау үшін алдын ала ақпарат жібереді. Оның үстіне, сапардың қарсаңындағы ақпараттар мен мәлімдемелер қазір болып жатқан саяси және стратегиялық трендтермен үйлеспей отыр, қазіргі жағдайда АҚШ өзінің Азияға қатысты саясатын нақтылап түсіндіруі керек.

Бірінші тренд – қырғиқабақ соғыстан кейін қалыптасып, АҚШ үстемдік еткен бірполярлы әлемдік тәртіп бәсеңдеп, оған қарсы державалар бас көтере бастады. Қытай, Ресей, Еуропа және Таяу Шығыс жаңа бағытты таңдады, ал Американың бұрынғыдай оларға ықпал ететін күші жоқ. Трамп әкімшілігі тоқмейілсігенін қойып, бәсекелес коалиция құруға ұмтылуы керек.

Бұл үшін Трамп АҚШ бастаған либералды халықаралық тәртіптің ұтымды жақтарын сенімді түрде дәлелдеуі керек. Қазір Қытай мен Ресейдің бұл тәртіпке қарсы шығып жатқаны белгілі. Оның үстіне Трамп әсіресе сауда саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда көшбасшы рөлін атқаруы тиіс.

АҚШ-тың еуропалық және азиялық одақтастарын кемсітуді доғарғаны сияқты Трамп енді протекционизм мен біржақты әрекеттерге ұмтылу әдетінен де бас тартуы керек. Саяси тұрғыдан алсақ, Трамп оқшауланып, Азиядағы сауда тізгінін Қытайдың қолына беріп қойғаннан гөрі жаңа көпжақты еркін сауда келісіміне қарай жол бастау арқылы көп ұтады.

Қазір Трампқа мұны жүзеге асырудың үлкен мүмкіндігі туып тұр. Президенттік мерзімінің басында ол АҚШ-ты Транс-тынықмұхиттық әріптестік келісімінен шығарып алғанымен, 11 әріптес мемлекет келісімнің негізгі бөлігін сақтап қалуға әлі де мүдделі. Трампқа кері шегініс жасап, аумалы-төкпелі заманда неге көшбасшылық қабілетін қайта танытпасқа?

Есесіне, Трамп әкімшілігі Қытайды нарыққа және бәсекеге жол ашуда теңдікке шақыру жолында біршама қатал болуы керек. Қытай бұл жөнінде Обама әкімшілігіне де уәде беріп, ол уәделерін бұзған. Соған қарамастан, жыл басында Трамп Қытайды осындай уәде бергені үшін тағы да мақтады.

АҚШ Қытайдың қаржылық қызмет саласына жол салғысы келеді. Ал әзірге несиелік зерттеу қызметтері мен несие картасы нарығы төңірегіндегі мәселелерді реттеп алғысы бар. Қытай болса несие картасының орнына ұялы телефонмен жасалатын төлемдерді арттырып, ескі дәстүрді бұзатын қаржылық технологиялар (финтех) бойынша көш бастады.

Трамп әкімшілігінің Азияға қатысты саясатына ықпал ететін тағы бір басты тренд – Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің билікті қолына шоғырландыруы. Қытай Коммунистік партиясының жақында өткен 19 Ұлттық конгресінде Си Цзиньпиннің орнын басатын ізбасар таңдалмады. Демек, оның үшінші мерзімде қызмет етуіне негіз қаланды.

Қолына үлкен саяси капиталды жинаған Си Цзиньпиннің енді Қытайдың ұзақмерзімді мүдделері мен өз мүдделерін ескере отырып, ішкі нәзік мәселелерге қарай ойысуына мүмкіндігі болып тұр. Бір жылдан бері дүрдараз болып келе жатқан Оңтүстік Кореямен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға ден қою арқылы Си Цзиньпин саяси сабақтастықтан бас тартқысы келетінін аңғартады.

19 Ұлттық конгресс қарсаңында Қытай өз аумағында АҚШ-тың жоғары биіктіктегі зымыранға қарсы жүйесін орналастыруға рұқсат бергені үшін Оңтүстік Кореяны жазалауды талап еткен. Бірақ бұл ұстаным Қытайға ешқандай жақсылық әкелмеді, керісінше бұл Оңтүстік Кореядағы Қытайдың беделін түсіріп жіберді. Енді Қытай бұл райынан қайтты.

Қазір Трамп оңтайлы сәтті пайдаланып, Солтүстік Кореядан төнетін қауіпті азайту жолында Қытай мен Оңтүстік Кореяның көбірек қолдауына ие болып қалуы керек. Қытай Солтүстік Кореяның ядролық қару және баллистикалық зымыран бағдарламаларын жаба алмайды. Есесіне Қытай астыртын әрекеттесу арқылы және ықтимал төтенше жағдайлар бойынша Солтүстік Кореяның болашағына жоспар құруға ресми түрде қатысу арқылы Пхеньянның тынысын тарылтып, Корей түбегіндегі соғыс қаупін сейілтуге ат салыса алады. Си Цзиньпинмен кездесу кезінде ол осындай стратегиялық компромиске баратын жолды нұсқауы тиіс.

Қалай болғанда да, Трамп өзін сынайтындарды таңқалдырып, кішкентай жетістіктердің қандай болатынын көрсетуді қалайтын сияқты. Бірақ алда тарихи мүмкіндіктер тұр. Азияға сапар – сол мүмкіндіктерді пайдаланатын оңтайлы сәт.

http://prosyn.org/sYcied8/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now