КЕМБРИДЖ – Ұзақ уақыт өтімділігін сақтап келген қаржы нарығы 2020 жылдың соңғы тоқсанына еніп келеді. Бұл уақыт әлем экономикасы қайта қалыпқа келіп, өзгеше саяси белгісіздік пен салық-бюджет және құрылымдық саясат орнаған тұсқа тура келіп отыр. Мұндай кедергінің бәрі COVID-19 дағдарысын ушықтырып жіберді. Көп ел онсыз да жұрт денсаулығын сақтау, экономикалық белсенділіктің барынша орташа деңгейіне көшу мен азаматтардың жеке бас еркіндігін шектеуді доғару арасында баланс табуға тырысып жатыр.
Орталық банктердің дағдарыс тұсындағы өтімділікті сақтап қалу бойынша көрсетіп отырған бар жәрдемі 2021 жылы ахуалды жақсартуға септеседі деген үміт бар. Бұл әлеуметтік-экономикалық шығынды жойып қана қоймай, инвесторларды жаңа табысқа да кенелтер еді. Бірақ қиындықты еңсеру үшін көп жылдан бері жасалып келе жатқан бұл қолғабыс пандемиядан кейін күтіп тұрған тіптен ауыр кезеңді өткеруге қауқарлы ма?
Таяуда жарияланған экономикалық деректерге қарап, Қытайдан өзге елдердің экономикасының күйі бұлыңғыр әрі тұрақсыз екенін көруге болады. Меніңше, бұл қазіргі талап пен мүмкіндікке сай келмейді. Саяхат, қонақүй бизнесі мен қызмет көрсету саласындағы басқа да кәсіп түрлері әлі күнге дейін дағдарыстан ес жия алмай келеді. Осылайша, жұртты жұмыспен қамту бойынша жалпы жағдай шиеленісіп тұр. Оның үстіне, басқа салаларда да компаниялар бірінен соң бірі «өлшемді өзгерту» бастамасын көтере бастады. Бұл үрдіс жалдамалы қызметкерлердің азаюына, тіпті азаматтардың жаппай жұмыссыз қалуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.
To continue reading, register now.
Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.
Subscribe
As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.
Register
Already have an account?
Log in

Already have an account? Log in