6

Біздің экономикалық болашағамыз артта қалды ма?

ЧИКАГО – жаһандық экономика 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан қалпына қайта келуіне әлі де уақыт керек, ал болашақ туралы алаңдаушылық, әсіресе озық экономикалардың болашағы туралы уайым үлкейе түсуде. Менің Солтүстік-Батыс университетіндегі әріптесім Роберт Гордон өзінің  Американдық дамудың гүлденуі мен құлдырауы атты соңғы кітабында, өткен  бір жарым ғасыр ішідегі өнімділікті арттыратын үлкен инновациялар теңдессіз деген көптеген экономистердің ойын ашып көрсетеді. Егер бұл шын болса, озық экономикалар алдағы жылдарда баяу өсу мен тоқырауды күткендері жөн. Бірақ болашақ  шыныменде соншалықты мұңды болады мы?

Бәлкім ондай болмас. Шын мәнінде, пессимизм ғасырлар бойы экономистердің болашақ туралы болжамдарына басты тақырып болған. 1830 жылы британдық либерал тарихшы Томас Маколей айтып өткендей, «[Меніңше] қандай заманда болмасын, әркім өз уақытына дейін, прогрессивті жетілдіру орын алғанын біліп, ешкім келесі жас буын заманында жақсарту болады деп сенбейді». Неге, адамдар «нашарлаудан басқа ештеңені» күтпейді? - деп те толғанды.

 1972 Hoover Dam

Trump and the End of the West?

As the US president-elect fills his administration, the direction of American policy is coming into focus. Project Syndicate contributors interpret what’s on the horizon.

Көп ұзамай, Mаколейдің болжамы теміржол дамуының уақытында расталды. Болат, химиялық заттар, электр және машина өндірудегі түбегейлі өзгерістер де көп ұзамай орын алды.

Біздің технологиялық болашаққа келгенде, мен ұқсас нәтижені күтер едім. Шынында да, мен «Біз әлі ештеңе көрмедік»-деп айтуға дейін барар едім.  Технологиялық жетістіктер әлемдегі ең озық экономикалар үшін дауыл сияқты ауқымдағы ілеспе желді жасайды.

Менің оптимизмім болашаққа деген әлдебір жалпылама сенімге негізделген емес,  бірақ ғылым (немесе «дескриптивтік білім») және технологияның ( «нұсқаулық білім») бір-бірін қолдау негізінде жасалып отыр. Ғылыми жаңалықтар технологиялық инновацияларды жеңілдете алады, сол сияқты технологиялық жетістіктер көп технологиялық өзгерістерге жетуге мүмкіндік беретін ғылыми жетістіктерді де дамытады. Басқаша айтқанда, ғылыми және техникалық прогресс арасында оң кері байланыс тізбегі бар.

Технология тарихы осындай кері байланыс тізбегінің мысалдарынв толы. Он жетiншi ғасырдағы ғылыми революция телескоп, барометр және вакуумдық сорғылар сияқты жаңа технологиялық озық құралдар арқылы ішінара мүмкін болды. Микроскоптың дамуы туралы айтып өтпей, 1870 жылы бактериологиялық теорияның пайда болуын талқылау мүмкін емес. Розалинд Франклин пайдаланылған рентген кристаллографиялық әдістері ДНК құрылымын ашу үшін маңызы болды, сондай-ақ 20-дан астам Нобель жүлдесін әкелген ашылулар үшін де басты себеп болды.

Бүгінде ғылым үшін қолжетімді құралдар тіпті ширек ғасыр бұрын мүмкін еместей болған ескі құралдардың заманауи нұсқаларын қамти��ы. Телескоптар адам  ойлағанннан мүлдем өзгеше ғаламды ашу үшін, ғарыш кеңістігіне жіберіліп, жоғары өнімді бейімделген оптикалық компьютерлерге қосылды. 2014 жылы, Betzig-hell микроскопты жасаған ғалымдар бұрын еңсерілмейтіндей саналған кедергіні жеңіп, оптикалық микроскопияны наноөлшемдікке әкелгені үшін Нобель сыйлығына ие болды.

Бұның бәрі технологиялық пессимизмді жеңуге жеткіліксіз болса, тіпті бірнеше онжылдықтар бұрын армандамаған құрылғылар - соңғы жылдары пайда болған революциялық құралдар мен құрылғыларды қарастырайық. Компьютерден бастаңыз. Экономистер тауарлар мен қызметтерді өндіруге компьютерлердің әсерін бағалау үшін, сондай-ақ, олардың өнімділікке қосқан үлестерін өлшеу үшін айбынды күш жұмсады. Бірақ осы əрекеттердің бірде біреуі компьютерлердің ғылыми зерттеулер үшін әкелген сансыз жеңілдіктер мен мүмкіндіктерін толықтай есепке ала алмайды.

Оларды қолданбайтын әлемде бірде-бір зертхана жоқ.In silico термині эксперименттік жұмыста in vivo және in vitro  терминдерімен бір қатарда тұр. Және «Есептеу физикасы» мен «Есептеу биологиясы»  тәрізді жаңа салалар жоқ жерден пайда болды. Мур заңына сәйкес, кем дегенде кванттық есептеудің пайда болғанының арқасында ғылыми жетістіктер әлі де көптеген жылдар бойы жалғасады.

Тағы бір жаңа құрал лазер болып табылады. Ең бірінші лазерлер пайда болған кезде, олар қолдануын іздеген құрал болды. Қазіргі уақытта, олар құжатты сканерлеуден офтальмологияға дейін қолданылатын, компьютерлер дерлік ретінде жаппай  құрал болып кетті.

Бүгінде лазерлерді қолданатын салалар биология, химия, генетика және астрономия тәрізді өте ауқымды. LIBS (лазерлік тесумен ықпаландырылған  спектроскопия) молекулярлық биохимия зерттеулерінің көбі негізделген  ақуыз талдауы үшін маңызды болып табылады. Физикадағы қасиетті ұғымдардың бірі - гравитациялық толқындардың бар екені жақында лазерлер арқылы расталды.

Сонымен қатар, ғылымды түрлендіре түскен тағыда бір технологиялық инновация гендік өңдеу құралы CRISPR Cas9 болып табылады. Қазірдің өзінде, геномдарды секвендеу жылдам және салыстырмалы түрде арзан процесс болып табылады, оның құны 2007 жылы бір геном үшін 10 млн доллардан  1,000 долларға дейін төмендеді.

CRISPR Cas9  адам геномын өңдеп және өзгертуге мүмкіндік бере тұрып, бұл ғылымды жаңа, шын мәнінде революциялық деңгейге дейін жеткізді. Бұл идея кейбір адамдарға ұнамаса да, технологияның тиімді қолданыстары, мысалы климаттың өзгеруі және сортаңдауға төтеп беретін маңызды дақылдарды жетілдіру, сөзсіз, өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, цифрландыру зерттеушілер үшін  ақпаратқа қол жеткізуде айтарлықтай көп шығындарын төмендетті. Барлық ғылыми зерттеу қолданыстағы білімге қол жеткізуге сүйенеді; біз бәріміз біздің алдымызда болған алыптардың (және тіпті орташа деңгейдегі қайраткерлердің) иығында тұрғандаймыз. Біз олардың жаңалықтарын, идеялары мен инновацияларын жаңа, тіпті кейде революциялық ағында өңдейміз. Бірақ, осы уақытқа дейін, ғылыми және технологиялық инновацияларды ойлап табу үшін керекті ақпаратты табу, кітапханаларда отырып, энциклопедиялар томдарын саралауда жұмсалған сансыз сағатты талап етті.

Fake news or real views Learn More

Қазіргі уақытта, зерттеушілер Монтана өлшеміндегі  маяда ине тәрізді нанөлшемді ақпаратты таба алады. Олар үлгілер және эмпирикалық заңдылықтады табуға болатын мега-дерекқорларға кіре алады. Он сегізінші ғасырдағы таксономия ғалымы Карл Линус бұған қатты қызып, қызғанар да еді.

Біздің ғылым сансыз жаңа жетістіктерге жеткізіп, алға ұмтылуда. Сондай-ақ технология да күтілетін және күтпеген салаларда орын алуда да ұтылмай, алға басатынында күмәніміз жоқ. Олар бізге экономикалық өсуді әкеледі, бірақ ұлттық табысты есепке алуда қолданылатын ескірген стандарттарға арқа сүйесек,  оны толықтай тіркей алмай қалатынымыз мүмкін.