kolesnikov13_Alexei NikolskyTASS via Getty Images_putin Alexei NIkolsky/TASS via Getty Images

Путиннің конституциялық автократиясы

МӘСКЕУ – Биыл Ресейдің заң шығарушы органдары мен сайлаушылары  Конституцияға президент Владимир Путиннің құзыреттік мерзіміне қатысты шектеулердің күшін жойып, оған 2036 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізуді мақұлдады. Путин бұл мүмкіндікті пайдаланудан бас тартып, биліктен кетуге бел буған күннің өзінде, ұсынылған заң Ресейдің бұрынғы президентінің қылмыстық иммунитетін кеңейтіп, оны кез келген қудалау түрінен қорғайды. Конституцияға енгізілген қалған өзгерістерде Ресей заңдарын халықаралық құжаттардан жоғары қою, некені «ер мен әйелдің одағы» деп түсіну, тарихи дискурсты бұрмалаудан қорғау қарастырылған.

Бұл өзгерістерге қарап, Ресейдегі мемлекеттілік туралы не білуге болады?

Әдетте елдер конституциясын маңызды әлеуметтік және саяси өзгерістерден кейін өзгертеді. Мысалы, соғыстан кейінгі Еуропа 1946 жылы Францияның конституциясы, 1949 жылы Батыс Германияның Grundgesetz заңы сияқты маңызды құжаттардың қабылдануына куә болды. Одан кейін Алжирдегі дағдарыс сияқты саяси қиындықтардың салдарынан 1958 жылы Францияда Бесінші республика құрылып, жаңа конституция қабылданды. 1970-жылдары әскери диктатурадан құтылғаннан кейін Греция, Португалия мен Испанияда да жаңа конституция қолданысқа енді.

https://prosyn.org/RbtvRrTkk