Oil barrels Ahmad Al-Rubaye/Getty Images

Мұнай бағасын болжаудағы қиындықтар

ЛОНДОН – Мұнай бағасы туралы жазу әрдайым қиын. 2015 жылдың қаңтарында мен «мұнай бағасы бұдан әрі арзандамайды, жыл соңында мұнайдың құны жылдың басындағыға қарағанда қымбат болады» деп болжаған едім. Қателесіппін, бірақ соншалық көп жаңсақ кетпеппін.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Жақында мен мұнай нарығы қатысушыларының Давосы саналатын Абу-Даби Мұнай көрмесі және конференциясы (ADIPEC) деп аталатын үлкен жиында сөз сөйледім. Сол басқосуда мұнай саласы басшыларының келер жылдың осы кезеңінде шикі мұнайдың құны қазіргідей барреліне 60 доллар қалпында қала береді деген бір ауыздан жасаған болжамын естідім.

CNBC тілшісі Стив Седжуикпен сұхбатымды бастағалы жатыр едім. «Бұл – бірінші мәселе болады. Бір жылда мұнай бағасы өзгермейді дей ме?» - деп сөз бастадым. Седжуик эфирдегі әңгімесін менің пікірімнен бастады, сосын көпшіліктің пікірімен неліктен келіспейтінімді сұрады.

Ойымды түсіндірмес бұрын әдеттегі ескертуді айтып алайын. Мұнай бағасын болжау – тәуекелді жұмыс, іс жүзінде болжам жасау арқылы біз валюта нарығын тым оңайлатып жібереміз. 1970-жылдардың соңы мен 1980-жылдардың басында мұнай нарықтары турасындағы докторлық диссертациямды бітіргенде мұнай бағасын болжаудың өзі уақыт пен энергияңды босқа шығындау екенін түсінгенмін. Кейіннен Goldman Sachs-та жұмыс істеп жүргенімде зерттеу тобымдағы тауар сарапшыларының мұнай бағасы төңірегіндегі хаосты зерттеуге тырысып жүргендеріне қарап күліп отыратын болдым.

Менімен сұхбаттасып тұрып Седжуик бір қызық жайтты айтып қалды. Басқа активтердің бағасы соңғы жылдары күрт құлдырағанын ескерер болсақ, мұнай мен басқа да тауарлардың бағасы да солай төмендеуі мүмкін деді ол. Әрине, бұлай болуы мүмкін. Оның сөзінің жаны бар.

Бірақ менің ойымша, валюта, облигация және қор нарықтарындағы волатильділіктің төмендеуі әлемнің көп бөлігінде инфляцияның төмендеуінен және соңғы жылдары орталық банктердің ақша-несие саясатына көп өзгеріс енгізбеуінен болып отыр. Әсіресе энергетика нарығы сұраныс пен ұсыныс өзгерісінің қарсаңында тұрған қазіргі кезеңде бұл факторлар мұнайға да дәл осы жолмен әсер ететініне онша сенбеймін.

Сұраныс жағын айтар болсақ, нарық сарапшылары 2017 жылдың өн бойында анықталған жайтты енді назарға алып жатыр. Әлем экономикасы күш алды, қазір ол шамамен 4 пайыз не одан жоғары деңгейде өсіп келеді. Үндістан мен Ұлыбританияны қоспағанда әлемдегі ең ірі он экономиканың сегізі қанатын кең жайып келеді. Тіпті көп ел мұнайдан бас тартуға әрекеттеніп жатқанымен, бұл өзгеріс жылдам бола қоймайды. Яғни, мұнай нарықтары сұраныстың артуына дайындалып жатыр.

Ал ұсыныс жағына келсек, әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел – Сауд Арабиясы аяқ астынан көп жұртты қобалжытып тастады. Сауд үкіметі ел ішінде де, сыртқы саясатта да радикалды өзгерістерді қолға алды, олардың мұны неге істеп жатқаны әлі де толық түсінікті емес. Нарықтың қатысушылары мұнай бағасына кенеттен үстеме қосып жіберсе, бұған таңқалудың қажеті жоқ.

ADIPEC-те екі рет сөйлегенімде Brent маркалы мұнай бағасының өзгеру қарқыны мен оның алдағы бес жылдағы бағасы туралы слайдты көрсеттім. Мұнайдың теңгерме бағасын анықтауға байланысты фундаменталдық көрсеткіштерге негізделген әдістің болмауынан көптен бері алдағы бес жылдың бағасына болжам жасай алмай келгенмін. 2015 жылғы қаңтарда түсіндіргенімдей, Brent маркалы мұнай бағасы спекулятивтік тербелістерге онша бағына бермейді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс факторларына сүйене отырып шамамен болжам жасауға болады. 

Қарашаның басындағы мұнай бағасының күрт өсуінен бұрын әзірленген диаграммада біраз тұрақтағаннан кейін алдағы бес жылда мұнай бағасының өсетінін көрсеттім. Қазіргі баға бес жылдан кейін болады деген бағадан асып кеткендіктен, бұл тренд өзгереді деп ойлайтындар болуы мүмкін. Өз басым бұған онша сенімді емеспін, бірақ егер бұлай болса, бұған онша таңқалмас едім.  

Седжуиктің сауалына қайта оралайық. 2018 жылғы қарашада мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады десек, мен алдағы уақытта баға 80 долларға дейін өседі деп болжаймын.

Бұған қоса Седжуик менен «Мұнай компаниялары инвестициялық және операциялық шешім қабылдау процесін циклдік факторлардан қалай тәуелсіз етсе болады?» деп сұрады. Мұнай компаниялары қара алтын қымбаттап жатқан кезде сабырлылық танытып, баға арзандап жатқанда құлазымауы мүмкін бе?

Бұл – қиын сұрақ. Бұл үшін мұнай компаниялары тауар нарығын саралау жолындағы ізденісін аяқтауы керек. Өз басым бұл істі бастап, әлі тәмамдаған жоқпын. Олар мұнайдың негізгі теңгерме бағасын болжаудың сенімді әдісін ойлап табуы қажет. Кейін мұнай бағасы сол теңгермедегі стандартты өлшемнен екі есе асып кеткен жағдайда әріптестерінің, сарапшылардың және сала өкілдерінің еліктірер ақыл-кеңестеріне көңіл аударуды доғару керек.

http://prosyn.org/U451k7M/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now