G7 Taormina NurPhoto/Getty Images

Орташыл Еуропа қайта бас көтерді ме?

ПРИНСТОН – Британия премьер-министрі Тереза Мэй, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркельдің бір-бірінен айырмашылығы көп. Мэй былтыр Брекзит референдумынан кейін Дэвид Кэмерон орнынан кеткен соң күтпеген жерден қызметке келді. Макронның тіпті тәжірибесі жоқ. Ол өткен айда ғана өміріндегі алғашқы сайланбалы қызметіне кірісті. Ал 2005 жылдан бері канцлер қызметін атқарып келе жатқан (1991 жылдан бері депутат болған) Ангела Меркель Еуропадағы билікте ең ұзақ отырған үкіметбасы саналады.

Бірақ бұл үш саясаткердің ұқсас жақтары да бар. Олардың ел ішіндегі қолдауы мықты. Мэй де, Меркель де өз елдеріндегі жалпы сайлауларда жеңіске жететін тәрізді. Біреуінде сайлау осы аптада, ал келесісінде қыркүйек айында болады. Ал Макрон Францияда айқын жеңіске жетті. Ең бастысы – олардың барлығы дәстүрлі саяси партиялар ықпалының төмендеуінен пайда болған бос кеңістіктің орнын толтыратын саясаттың жаңа түрін қалыптастырып жатыр.

Жаңа саяси парадигма жаһандануды қолдайтын, әлеуметтік қорғауға аздап көңіл бөлетін, патриотизмге басты назар салатын орташыл популизмге негізделген. Және ол жеке адамдарға көп сүйенеді. Британиядағы сайлауда Мэй – ең қызықты тұлға болды, ал оның бөлшектенген Консервативтік партиясы партияның рөлін төмендетіп жатыр. Меркель де өзгеріп жатқан Христиан-демократиялық одақ партиясындағы негізгі тұлға, оған балама болатын лидер қалған жоқ. Ал Макрон өз партиясын құрған.

https://prosyn.org/WsRWhFfkk