italy eu flags Elisabetta A. Villa/Getty Images

Италия Еуропаны құрдымға кетіре ме?

ЛОНДОН – Саяси тербелістер мен әлем деңгейіндегі сын-қатерлерге қарамастан, әрі Біріккен Корольдік Еуропа одағынан шығып бара жатса да, еуроймақ өзінің бұрыннан қалыпасқан ең төмен стандарттарының шеңберінде-ақ екі жыл жақсы экономикалық өсімге қол жеткізді. Бірақ, Италияда биыл жаңа популист үкімет құрылғаннан кейін еуроаймақтың ең нашар күндері артта қалды деп айту қиындау болып қалды.

1982 жылы қаржы әлеміне аяқ басқанымда алғаш зерттеген елім – Италия еді, сондықтан оған ерекше жақынмын. Ол кезде Американың өте ірі банкінде жұмыс істейтінмін, сонда Италияның қарызы мен ЖІӨ арасалмағын талқылауға арналған трансатлантикалық конференц-сұхбаттарға жиі қатысатыным есімде. Әркімнің көкейінде “бұл ел қашан дефолтқа ұшырайды?” деген сұрақ болатын, бірақ болжам расталмады. Италия өйтіп-бүйтіп шығып кетті, одан бері де солай келе жатыр. Енді Италия үкіметі Еуроодақпен тақасуға дайын болып тұрғанда дефолт болады деп қайта алаңдаудың негізі бар сияқты.

30 жылдан астам уақыт бұрынғы тәжірибем көрсеткеніндей, Италияның экономикалық проблемалары еуроны қабылдағаннан көп уақыт бұрын басталған. Еуропа стандарттарымен қарағанда оның өнімділігі кемшін болды, сондықтан еуроға дейінгі кезеңде оның даму деңгейі де салыстырмалы түрде төмен еді. Анда-санда күрт дамып кетіп, бұл түрлі дағдарыстарға ұшыратып отырды, соның салдарынан Италия валютасы – лира жиі девальвацияланатын.

https://prosyn.org/A8BGlmnkk