roubini125_Photographer is my lifegetty images_chart Photographer is my life/Getty Images

2019 жылдың ала-құла экономика

НЬЮ-ЙОРК – 2017 жылғы жаһандық синхронды экономикалық кеңеюден соң 2018 жылы асинхронды даму басталды, мұнда АҚШ-тан басқа елдердің көпшілігі шабандап қалды. АҚШ-тағы инфляция, Америка Федералдық резервінің саясаты, жүріп жатқан сауда соғыстары, Италияның бюджет және қарыз мәселелері, Қытайда дамудың бәсеңдеуі және дамушы елдер экономикасының тұрақсыздығы сияқты жайттарға алаңдаудың кесірінен жыл соңында ғаламдық қор нарықтарында баға түсіп кетті. 

2019 жылдың басындағы жақсы жаңалық – ғаламдық рецессияға құлдилау қаупі аз. Жаман жаңалық – біз синхронды жаһандық шабандау жылына аяқ басып барамыз. Даму баяулай береді, аймақтардың көпшілігінде тіпті белгілі шектен төмен түседі.

Федералдық резервтің пайыздық ставкаларды арттыруы, Қытай мен АҚШ экономикаларының күрт өсіп, басқа нарықтарды құлдыратуы талайды састырған 2018 жылдың соңғы тоқсанындағы аласапыраннан соң биыл жыл басында қаупі көп активтердің (АҚШ-тағы және әлемдегі акциялар) бағасы күрт өсті. Содан бері Федералдық резерв қарым-қатынасты жаңартуға бет түзеді, ал Қытайдың макроэкономикалық ахуалды жеңілдетуі өсім қарқынының баяулауын біршама кідірткендей.

https://prosyn.org/IjaXxhPkk