basu41_BRENDAN SMIALOWSKIAFPGetty Images_david malpass Brendan Smialowski/AFP/Getty Images

Американың Дүниежүзілік банкті билеп-төстеуіне жол бермейік

НЬЮ-ЙОРК – Осы айдың басында АҚШ Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкері Дэвид Малпасстың Дүниежүзілік банк президенттігіне ұсынылуы біраз жеңілдік әкелгендей болды. Басқасын былай қойғанда, Малпас – шектен асқан, білігі төмен кісілерді жұмысқа тартатынымен белгілі болған АҚШ президенті Дональд Трамптың таңдауы. Дегенмен, бұл – осы орынға таңдалған ең идеал кандидат дей алмаймыз.

Шындығында, жағдай бұдан да нашар болар еді, алайда Малпасстың ұсынылуы шынымен көңіл құлазытты. Біріншіден, оның көпжақты институттарға қатысты скептицизмі тым тереңде жатыр. Мұнымен қоса, ол – экономикалық өсім, соның ішінде АҚШ-тың өсімі – өте маңызды деп жиі айтатын Трампты қолдайды. Және ең бастысы: Малпасс – консерватор, ал Дүниежүзілік банк – консерватор емес.

Әрине, Дүниежүзілік банк бір кездері экономикалық ортодоксияның стандартын ұстанған. Бұл қырғиқабақ соғыстан кейінгі Вашингтон консенсусы деп аталған жекешелендіру мен қайта реттеудің қосындысы болған саясаттан көрініс тапқан. Бұл институт сауда, капитал ағыны және фискалдық, ақша-несие саясатында тым консервативтік стандарттарды қалыптастырған, кейіннен ол бүкіл әлемнің дамушы экономикаларын осы ережелерге көнуге мәжбүрлеген.

https://prosyn.org/TKbDwztkk