Trump in shadow Darren McCollester/Stringer

Трамптың жаңа әлемдік тәртібі

ЛОНДОН – Тарихтың ақырын меңзейтін жайттар көбейді. Еуропадағы коммунизмнің келмеске кеткенін паш еткен Берлин қабырғасы қиратылғанына 27 жыл толғанда Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы оның алдындағы көреген де ақылды басшылар құрып кеткен либералдық халықаралық тәртіпке қауіп төндірді.

Трамптың «алдымен Америка» дейтін «анти-глобалистік» ұстанымы протекционистік сауда соғыстары мен жаһандық «өркениеттер қақтығысының» туындауына әкеліп, Еуропа мен Шығыс Азиядағы бейбіт өмірге қатер төндіреді, Таяу Шығыста зорлық-зомбылықты күшейте түседі. Оның нативистік, авторитарлық көзқарастары ортақ құндылықтарға, либерал-демократияға, ережеге негізделген халықаралық жүйеге тірек болған Американың жұмсақ гегемониясына деген сенімге сызат түсіреді. Қазірден құлдырау жолына түскен АҚШ әлемнің ашулы қарсылығын күтіп отыр. 

Оптимистер «Трамп сайлау кезінде оны меңзеген жоқ», ол айналасына сенімді халықаралық кеңесшілерді жинайды, оның жабайы табиғи инстинкттерін АҚШ саяси жүйесінің тежеу және теңгеру механизмдері ноқталайды деп үміттенеді. Біз де солай үміттенеміз. Алайда оның темпераментінен мұның нышаны байқалмайды. Сенат пен өкілдер палатасына республикашылдардың бақылау орнатқанын ескерер болсақ, басқа президенттерге қарағанда Трамптың билігіне шектеу аз болады.  Бұл әсіресе сауда мен сыртқы саясатқа қатысты, бұл салаларда АҚШ президентіне көп еркіндік берілген, және ол осы салаларда ең көп зиян келтіруі мүмкін.

https://prosyn.org/fQG0P6ukk