20

Трамптың жаңа әлемдік тәртібі

ЛОНДОН – Тарихтың ақырын меңзейтін жайттар көбейді. Еуропадағы коммунизмнің келмеске кеткенін паш еткен Берлин қабырғасы қиратылғанына 27 жыл толғанда Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы оның алдындағы көреген де ақылды басшылар құрып кеткен либералдық халықаралық тәртіпке қауіп төндірді.

Трамптың «алдымен Америка» дейтін «анти-глобалистік» ұстанымы протекционистік сауда соғыстары мен жаһандық «өркениеттер қақтығысының» туындауына әкеліп, Еуропа мен Шығыс Азиядағы бейбіт өмірге қатер төндіреді, Таяу Шығыста зорлық-зомбылықты күшейте түседі. Оның нативистік, авторитарлық көзқарастары ортақ құндылықтарға, либерал-демократияға, ережеге негізделген халықаралық жүйеге тірек болған Американың жұмсақ гегемониясына деген сенімге сызат түсіреді. Қазірден құлдырау жолына түскен АҚШ әлемнің ашулы қарсылығын күтіп отыр. 

Chicago Pollution

Climate Change in the Trumpocene Age

Bo Lidegaard argues that the US president-elect’s ability to derail global progress toward a green economy is more limited than many believe.

Оптимистер «Трамп сайлау кезінде оны меңзеген жоқ», ол айналасына сенімді халықаралық кеңесшілерді жинайды, оның жабайы табиғи инстинкттерін АҚШ саяси жүйесінің тежеу және теңгеру механизмдері ноқталайды деп үміттенеді. Біз де солай үміттенеміз. Алайда оның темпераментінен мұның нышаны байқалмайды. Сенат пен өкілдер палатасына республикашылдардың бақылау орнатқанын ескерер болсақ, басқа президенттерге қарағанда Трамптың билігіне шектеу аз болады.  Бұл әсіресе сауда мен сыртқы саясатқа қатысты, бұл салаларда АҚШ президентіне көп еркіндік берілген, және ол осы салаларда ең көп зиян келтіруі мүмкін.

Сауда мәселесінен бастасақ. Соңғы жылдары жаһандану баяулап қалды. Ал Трамп оны кері айналдыруы мүмкін. Оның жеңісі Барак Обама әкімшілігі келіссөз жүргізіп жатқан екі ірі сауда келісімдері бекітіледі деген өлімсіреген үміт сәулесін өшіреді. Олар - Тынық мұхиттағы 11 ел қатысқан, бекітілген бірақ әлі ратификацияланбаған Транс-Тынық мұхиттық әріптестік (ТРР) және Еуропа одағымен арадағы тоқтап қалған Трансатлантикалық сауда және инвестиция жөніндегі әріптестік (ТТІР) келісімдері.

Трамп, сондай-ақ Канада және Мексикамен арадағы Солтүстік Америка еркін сауда келісімін (NAFTA) қайта қарауға уәде берген. Ең жаманы – ол Қытай импортының тарифтеріне қол сұқпақ, ал бұл сауда соғысын тудыруы мүмкін. Ол тіпті көпжақты ережелерге негізделген сауда жүйесі – Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығатынын да айтты.

Бұл жоспар тек ғаламдық рецессия қа��пін тудырып қана қоймайды. Ол, сондай-ақ, аймақтарды бақталас сауда блоктарына бөлінуге шақырады, бұл – Еуропа одағынан бөлініп шығып, оқшауланатын сыңай танытқан «Брекзиттен» кейінгі Британия үшін үрейлі жағдай. Обама әкімшілігі ойланбастан Қытайды шығарып жіберген соң Азияда ТРР күйреді, ал бұл Қытайды өз сауда блогын құруға итермеледі. 

Трамптың жеңісі Шығыс Азияның экономикасымен қоса қауіпсіздігіне де қатер төндіреді. Еркін саудадан бас тартып, АҚШ-тың одақтастарына берген қауіпсіздік кепілдігіне күмән тудыру арқылы ол Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді күшейіп келе жатқан Қытайдан қорғану үшін ядролық қару жасауға итермелейді. Филиппин – барған сайын оқшауланып келе жатқан Америкаға арқа сүйеуден гөрі Қытайға жағыну саясатын қолай көретін аймақтағы жалғыз ел болмайтын сияқты.

 Мұнымен қоса, Трамптың жеңісі Еуропаның қауіпсіздігіне де сына қағады. Оның Ресейдің авторитар басшысы Владимир Путинге масаттануы секем тудырады. Кеңес одағының ыдырағанына қынжылатын Путин Ресейдің көршілеріне ықпалын қайта күшейтуді аңсайды, ол тіпті Грузия мен Украинаға шабуыл жасады. Трамптың «ол НАТО-ның одақтасарын қорғауға бейіл» деген тұжырымы Путинді әрі қарай әрекет ете беруге шақырып тұрғандай әсер қалдырады. 

 Бір кездері Совет империясының құрамында болған, қазірде НАТО-ның мүшесі саналатын, біршама орыс диаспорасы бар Эстония, Латвия, Литва сынды Балтық республикаларына ең үлкен қауіп төніп тұр. Ортақ сыртқы қатер Еуроодақты қорғаныс шығындарын арттырып, қауіпсіздік саласындағы ынтымаққа итермелегенімен, аса үнемшіл, еуроскептик сайлаушылардың бұған құлқы болмауы мүмкін.  Оның үстіне, Еуропа үкіметтерінің біразы Путинмен тайталасқаннан гөрі оны тыныштандыруды қолай көреді.

 Трамптың ашық нәсілшілдігі, испантекті мигранттарға деген жаушылдығы, исламофобтық риторикасы Американың өз ішінде мәдени қақтығыс, тіпті қантөгіс тудыруы мүмкін. Ол, сондай-ақ, Сэмюэль Хантингтон айтқан «өркениеттер қақтығысына» алып келуі ықтимал. Трамптың шекарада биік дуал тұрғызып, оның шығынын Мексикаға өтеткіземіз деп кекетуі латынамерикалықтарға деген өшпенділікті өршітуі мүмкін. Оның сайлау науқаны кезінде «мұсылмандардың Америкаға кіруіне тыйым саламын» деп, оларды жау ретінде сипаттауы, «АҚШ Ирактағы мұнай кеніштерін басып алуы керек» деп мәлімдеуі «ДАИШ» пен «әл-Қайданың» қатарына адам жинауы үшін күшті аргумент болмақ.

Американың жұмсақ күші мен оның либерал-демократиясына үлкен зарар келеді. Нәсілшіл президенттің сайлануы Американың саяси жүйесіне қара күйе жағады. Трамп «сайлауда жеңіліс тапсам, оның нәтижелерін мойындамаймын», «қарсыласымды түрмеге тоғытамын» деу арқылы демократияға қырын қарайтындығын аңғартты. «Парасатты салқынқандылықты өтірік, жек көру мен надандық басып кететін жүйе – ақаулы жүйе» деген Қытай басшыларының сөзімен көп жұрт келіседі. Бұрынғы президенттері сипаттап кеткендей АҚШ енді «қыр басындағы жарқыраған қала» емес.

Fake news or real views Learn More

Истеблишментке наразы жұрттың көңілі енді тіпті құлази түспек. Қаржы дағдарысы мен ауыр экономикалық өзгерістердің кесірінен сайлаушылардың көбі біліксіз, жемқор әрі халықтан алыс деп санайтын Батыс элитасына сенуден қалды. Мұны түсінуге болады. Олар, сондай-ақ, өз проблемалары үшін иммигранттарды айыптап, әлеуметтік либерализмнен қауіптеніп, қате тұжырым жасады. Қатты қожыраған статус-квоға лайықты баламаның болмауы бұдан да үлкен қарсы реакцияны тудыруы мүмкін. Қазіргі сауалнама нәтижелеріне қарамастан, мамырда өтетін Франциядағы президент сайлауында әсіреоңшыл «Ұлттық майданның» өкілі Марин Ле Пен жеңіп кетуі мүмкін. Бұл еуро үшін, Еуропа Одағы мен жалпы Батыс үшін үлкен соққы болмақ. 

Либерал интернационалистердің тоқмейілситіндей жағдайы жоқ. Трамптың жеңісі – үлкен апат, және жағдай будан әрі нашарлауы мүмкін. Біз үрейлі сайлаушыларды өз жағымызға қайтару үшін ашық, либералды қоғамымызды қорғап, позитивті өзгерістер ұсына білуіміз керек.